|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ |
||
|
3-деңгейлі СМЖ құжаты |
ПОӘК |
ПОӘК 042-18-28.1.09/03-2015 |
|
ПОӘК « Аударма теориясы мен практикасы » пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар |
______2015 жылғы № басылым |
5В012100 « Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
«Аударма теориясы мен практикасы»
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2015
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәріс сабақтарының мазмұны
3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4 Студенттердің өздік жұмысы
5 Өзгерістерді тіркеу парағы
6 Әріптестердің танысуы
1 ГЛОССАРИЙ
1. Лексикалық контекст – төңірегінде мәтіннің сол бірлігі қолданылатын лексикалық бірліктердің жиынтығы.
2. Аударма лингвистикасы немесе лингвистикалық аударматану – тіл білімінің аударманы лингвистикалық құбылыс ретінде зерттейтін саласы
3. Лингвистикалық контекст – мәтіндегі тіл бірлігі қолданылатын тілдік орта.
4. Аударма моделі – бүкіл тупнұсқаны немесе кейбір бөліктерін аудару үрдісін орындайтын бірқатар ойлау операцияларын шартты сипаттау.
5. Аударма эквиваленттілігінің нормасы – аударманың тупнұсқаға бар мүмкіндігінше мағыналық жақындасуына талап.
6. Аударма кезінде сөйлемдерді біріктіру – аударма амалы, онда екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге айналдыру жолымен тупнұсқадағы синтаксистік құрылым түрленеді.
7. Аударма – тілдік делдалдықтың түрі, онда тупнұсқаның өзге тілдік мәтінінің мазмұны басқа тілде сол тілде коммуникативті тең бағалы мәтін жасау жолымен жеткізіледі.
8. Аудармашылық (тіларалық) трансформация – түрлену, оның көмегімен тупнұсқа бірліктерінен аударма бірліктеріне көшіруді жүзегі асыру болады.
9. Аударма тілі (ПЯ) – аударма жасалатын тіл
10. Сөздік аударма тәсілі – аударманың ұтымды вариантын іздеу үрдісінде аралық кезең ретінде араларындағы синтаксистік байланыстарды сақтай отырып , тупнұсқаның лексикалық бірліктерінің орнына ең жақын сәйкестіктерді қою.
11. Еркін аударма – эквиваленттілігі аударманың сол жағдайында қол жеткізуге болатын деңгейінден төмен орындалған аударма.
12. Қысқарған аударма – аударма, онда тупнұсқаның кейбір бөліктері моралдық, саяси немесе пракиткалық сипаттағы өзге тұжырымдармен тастап кетіледі.
13. Аударманың арнайы теориясы – аударманың лингвистикалық теориясының түрлі типті мәтіндерді аудару үрдісінің ерекшеліктері мен осы үрдіске сөз формалары мен оны жүзеге асыру шарттарының ықпалын зерттейтін саласы.
14. Дәл аударма – аударма, онда ПЯ-ның жанрлық-стилистикалық нормасы мен қолданылуының қолданыс ережелерінен ықтималды ауышқуы кезінде тупнұсқа мазмұнының заттық-қисындық бөлігі ғана эквивалентті жаңғырады.
15. Трансформациялық аударма – аударма трансформацияларының бірін қолданып аудару.
16. Көркем аударма – көркем әдебиет шығармаларының, негізгі функциясы оқырманға көркем-эстетикалық ықпал ететін мәтіндердің аудармасы.
2 ДӘРІСТЕР
1-дәріс. Аударма ғылымы және оның қалыптасутарихы. Қазақ тіл біліміндегі аударматану мәселесі.Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы зерттеулер.
2. Аударма теориясының зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
3. Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу.
4. Көркем аударманың өзекті мәселелері.
ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының өзінде М.М.Морозов, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров сынды осы саланың білгір мамандары аударма бойынша маңызды жұмыстар атқарып, олардың ізімен Н.Б.Аристов, И.М.Берман, Л.С.Бархударов т.б. ғалымдар 50-60 жылдарда аударматанудың іргесін бекіте түскен. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі – ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі.
Қазақ тіл білімінде Ө.Айтбайұлының аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы зерттеулері, А.Алдашеваның аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени негіздерін айқындауға арналған ғылыми зерттеулері аударма теориясы мәселелеріне арналды.
Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды. Аударма теориясының міндеті – шығарманың түпнұсқа мен аудармасының арасындағы ара қатынастардың заңдылықтарындағы ізін табу, аударманың жеке элементтерін барлап байқаудан туған тұжырым, қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп қорытындылау және аударма практикасына көмек көрсететін, практик аудармашыға себін тигізетін межені белгілеп беру. Сонымен, аударма теориясының негізгі зерттейтін объектісі – түпнұсқа мен аударманың арасындағы ара қатынас және оны пайымдау мен қорытындылауды керек ететін нақты жайларға көшкен формаларының айырмашылығы.
Соңғы жылдары аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында көптеген ғылыми жұмыстар қорғалды. Мәселен, ағылшын тілді әдебиеттен аударылған әңгімелер алғаш рет Г. Түсіпованың кандидаттық диссертациясында М. Твен, О. Генри, С. Моэм, Дж. Лондон секілді авторлардың стильдік ерекшеліктері түпнұсқадан талданып, оларды қазақ тіліне аударудағы әдіс тәсілдер толыққанды көрсетілді.
Ал, Е. Солтанаеваның «ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ-орыс әдеби байланыстары» атты диссертациялық жұмысында қазақ-орыс әдеби байланыстарының жекелеген факторлары қарастырды. Д. Дүйсебаевтың «М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының парсы тіліне аударылуы» атты кандидаттық диссертациясында М. Әуезов қаламынан туған құнарлы, орамды ойлардың парсы тіліне аударылу тәсілдеріне сараптама жасалынған. Дәрісті қорытындылау:
1. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі – ХХ ғ. соңында қолға алынды.
2. Аударма туралы нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды.
3. Аударма теориясының обьектісі – аударма, ал міндеті – аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды жинақтау.
4. Соңғы жылдары аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында көптеген ғылыми жұмыстар қорғалды.
5. Ағылшын тілді әдебиеттен аударылған әңгімелер алғаш рет
Г. Түсіпованың кандидаттық диссертациясында М. Твен, О. Генри секілді авторлардың стильдік ерекшеліктері түпнұсқадан талданды.
6. Д. Дүйсебаевтың «М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының парсы тіліне аударылуы» атты кандидаттық диссертациясында М. Әуезов қаламынан туған құнарлы ойлардың парсы тіліне аударылу тәсілдеріне сараптама жасалынған.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі қай кезде қолға алынды ?
2. Қазақ тіл білімінде аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы зерттеген кімдер?
3. Аударма ұғымына қандай анықтама бересің?
4. Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны ұсынған ғалым кім?
5 Ағылшын тілді әдебиеттен аударылған әңгімелер алғаш рет кімнің ғылыми еңбегінде сөз болды?
6.Қазақ-орыс әдеби байланыстарының жекелеген факторлары қарастырылған қандай ғылыми еңбектер бар?
2 -дәріс. Аударма теориясының негізгі салалары және оның басқа филологиялық пәндермен арақатысы, өзіндік ерекшелігі. Аударма – аударматанудың өзегі. Аударма теориясының аспектілері.
Дәріс сабағының мазмұны:
1.Аударма – ұғымы туралы түсінік.
2. Аударма іс-әрекетінің өмір сүруі.
3. Қазіргі аударма ісінің даму заңдылықтары.
4.Аударманың тілдік аспектісі туралы пікірлер.
5. Аударма туралы әдебиеттанушылардың ұстанымы.
“Аударма” – көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның/жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде аударманың аталмыш бұл екі сипатын бөліп қарау бар.
Қай халық болмасын дүниежүзілік өркениеттен оқшау өмір сүре алмайды. Бұл – халықтың халық болып, ұлт болып өмір сүруі үшін бірден-бір керекті шарт. Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар (ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау, әңгіме ету және т.т.) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар. Қазіргі кезде аударманың қоладнылмайтын саласы жоқ. Телеграф агенттіктерінің хабарларын, газет-журнал материалдарын, техника мен ғылым мағлұматтарын, компьютер мен ғаламтор жаңалықтарын көпшілікке таратудың ең тиімді жолы – аударма.
Аударма — әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы. Оның проблемалары да әрі ескі, әрі жаңа болып түлене береді. Оны зерттеу аспекті де сан алуан болып келеді. Соның бірі – «лингвистикалық бағыт». Ол, негізінен, аудармада грамматикалық категорияларды тірек етеді. Осы лингвистикалық бағыт көркем аудармағада да ерекше болды. Аударма өнері, көркемдік дәлділік, аудармадағы талант, эрудиция дегендер-аударманың қадым заманнан бері келе жатқан проблемалары . Осыған орай, көркем аударма аударманың мақсаттары мен түпнұсқасының типін ескере отырып, оның жалпы стратегиясын белгілеуге көмектеседі. Аударма әдеби шығарма арқылы бір халықтың өмірін келесі бір халыққа таныстыру арқылы екі ел арасында рухани көпір орнатуға ат салысады.Жалпы аударманың негізгі екі концепциясы бар: лингвистикалық және әдебиеттану ғылымы. Аударма және аударматану бойынша негізгі екі мәселелер шеңбері бар.Бірінші мәселелер шеңбері – бұл аудару шекараларының мәселелері, яғни, мәтінді аудару мүмкіндігімен байланысты мәселелер.Екінші мәселелер шеңбері, біріншісімен арақатынасын белгілейтін және ерекше сипаттамасы бар аудару барабарлығымен байланысты мәселелер.
Дәрісті қорытындылау:
1. Аударма — әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы.
2. «Лингвистикалық бағыт» негізінен, аудармада грамматикалық категорияларды тірек етеді.
3.Соңғы жылдары аударма мәселесі психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, контрастивті лингвистика,мәдениаралық коммуникация тәрізді лингвистикалық қырларынан қарастырылуда.
4. Аударма — күрделі көп қырлы құбылыс. “Аударма” – көпмағыналы сөз.
5. Барлық құбылыстар (ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау, әңгіме ету және т.т.) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар.
Бақылау сұрақтары:
1. «Лингвистикалық бағыт» аудармада қай грамматикалық категорияларды тірек етеді?
2. Аударма туралы әдебиеттанушылардың ұстанымы қандай?
3. “Аударма” – көпмағыналы сөздегеніміз не?
4. Аударма іс-әрекетінің өмір сүруі дегеніміз не?
3 -дәріс. Аударма теориясы филологиялық ғылымның арнайы бір саласы ретінде. Шетелдік және отандық ғалымдардың аударманы топтастыруы жайындағы көзқарастары.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Аударма тарихында аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу қажеттігі.
2. Аударма теориясын жекелеп, жіктеп қарастыруға қатысты көзқарастарға шолу.
3. Шетелдік ғалымдардың аударманы топтастыруы туралы.
4.Отандық ғалымдардың аударманы топтастыруы туралы.
Жалпы аударма тарихында аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу керек, тілдік пе, әлде әдебиеттану тұрғысынан қарастыру керек пе? – деген даулы мәселелер бар. Оны тек тіл ғылымының тұрғысынан, яғни әр тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық заңдылықтарын айыру, аудармада солардың қайсысының қалай жүйелесетінін анықтау – аударма теориясының басты міндеті деушілер болды. Бұған қарама-қарсы, аударманы тек қана «әдебиеттану тұрғысынан қарау керек» деген пікірлер де айтылды. М. Әуезов «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» атты мақаласында. «Аударма теориясын жекелеп, жіктеп қарастырғанда, кейінгі кезде біздің одақ көлеміндегі әдебиетте екі түрлі өзгеше бейім барлығы анықталды, бірі – аударма тіл зерттеу ғылымының ауқымына енетін сала болғандықтан, аударма ісінің мәнісін ұғына отырып, бұл мәселені лингвистикалық әдіспен зерттеу жағына қарай тартады, екіншісі – біздіңше, дұрыс бейім, – аударманы сөз өнерінің бір түрі деп ұғынады да, эстетикалық принциптерді, көркемдік таразыны алғы талапқа қояды, сондықтан бұл бейім аударманы әдебиеттану теориясы зерттейтін объект деп қарайды»– деп көрсетеді.
Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру үдерісі. 1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж.Драйден (1631-1700) аударманың 3 түрін ұсынады: Біріншіден, «метафраз» – түпнұсқаның дәл жеткізілуі, екіншіден, «парафраз» – түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып, еркін жеткізілуі,үшіншіден, «имитация» (еліктеу) – түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма.
Аударма теориясының көрнекті маманы Л.С. Бархударов құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт түрге бөліп көрсетеді:
1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы;
2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы ;
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы;
4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы. М.О. Әуезов 1955 жылы жазылған «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. Бірінші – сөзбе-сөздік – әріпқойлыққа негізделген аударма. Екінші – еркін аударма. Соңғысы аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрі – шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін ғылыми дәл, балама аударма.
Дәрісті қорытындылау:
1.Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру үдерісі.
2. Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады:
ауызша аударма және жазбаша аударма.
3. Жалпы аударма тарихында аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу керек, -деген даулы мәселелер бар.
4. М. Әуезов аударманы сөз өнерінің бір түрі деп қарап, оны әдебиеттану тұрғысынан зерттеуді бірінші кезекке қою керек деген пікірді ұстанды.
Бақылау сұрақтары:
1.Ағылшын аудармашысы Дж.Драйден ) аударманың неше түрін ұсынды?
2.Отандық ғалымдардың аударманы топтастыру туралы пікірлері бар ма?
3. Аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу керек?
4. М. Әуезов аударманы қай ғылым тұрғысынан зерттеуді ұсынды?
4-дәріс. Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері.
Аударма — тілдік және мәдениетаралық қарым –қатынас құралы. Аудармадағы тілдік дәнекерлік ұғымы.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы.
2. Көркем аударманың алғашқы үлгілері.
3.Тілдік дәнекерлік ұғымы туралы түсінік.
4. Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері.
5. Аудармаға қойылатын талаптар.
Аударма — адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөліктігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құралысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын “қос тілді” адамдар-тілмаштар пайда болған. Аударма — халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер. Аударма — бір тілдегі ойды (ауызша, жазбаша) екінші тілге беру . Аударма қазақ даласында атам заманнан пайда болған. Түркінің “тілмаш” деген сөзінен (тегінде, бұлай деп тілге мәш, яғни сөзге ұста адамдарды айтқан) орыстың “толмачы” шыққан.Ұлы Жібек жолының алтын арқауы – аударма десек те артықтығы жоқ. Ал нақты көркем аудармаға көшкенде түркі халықтарына ортақ Алтын Орда дәуіріндегі аудармалар қатарында Сарай қаласынан шыққан ақын Сейф Сарайдың Сағдидің “Гүлстанын” ХІV ғасырдың аяғында аударғаны айтылады. Қазақ аудармасының бастапқы кезеңдерінде аударма, нәзира, қайта баяндау, еліктеу бір бірімен араласып, қойындасып жатады.
Тілдің коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында “языковое посредничество” деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша “тілдік дәнекерлік” деп алдық. Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Мәдени және рухани табыстарды ортақтастыруда, халықтардың өз ара қарым қатынасын ұлғайтуда аударма нағыз жалғастырушы күш болып табылып отыр. Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы. Тілдік дәнекерлік қай–қайсысы болсын өзіне тән ерекше қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырады.
Дәрісті қорытындылау:
1.Аударма — адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі.
2.Қазақ тарихында аударма нұсқалары бағзы заманнан бар. Ежелгі Шығыс әдебиетімен даналық ой пікірлерін көне мұралары аударма арқылы әр алуан нұсқаларда халқымызға жетіп отырған.
3. Аударманың қоғамдағы қызмет аясын кеңейту мақсатында “тілдік дәнекерлік” деген ұғым пайдаланылып жүр.
4.Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы.
Бақылау сұрақтары:
1.Аударма — тілдік және мәдениетаралық қарым –қатынас құралы ретінде қандай қызмет атқарады?
2. Қазақ тарихында аударманың қандай нұсқалары бар?
3. Аударма теориясының негізгі әдістеріне, аударманың негізгі үлгілеріне не жатады?
4. Трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген қай ғалым?
5-дәріс. Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма. Аударманың негізгі түрлері.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынасты (коммуникация) қамтамасыз ету құралы .
2. Аударма–тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі.
3.Аударма теориясының мәні, өзіндік ерекшелігі.
4. Аударманың негізгі түрлері.
Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы.
Л. К. Латышевтің пікірінше аударылатын мәтін коммуникация, қатынас құралы болып табылады . Коммуникацияның екі түрі болады: бірінші, бастапқы (кәдімгі), және екінші, соңғы (әдеби). Біріншісі, сөйлеп және тыңдап жатқан адамдардың арасында туған коммуникативті жағдай. Екіншісі, толық емес коммуникативті жағдай болып саналады. Ол әңгімелейтін адам (әңгіме авторының өкілі) мен оқырман арасындағы коммуникация. Әдеби коммуникация кезінде осы жағдайлар сақталмайды.
«Аударма» сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін – ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге, аударма – сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады.
Аударманың бірнеше түрі бар :
1. Ауызша аудару. 2. Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазба түрінде аударылады.
3. Компьютерлік (машинамен) аудару. Алдын ала жасалған программа бойынша кибернетикалық әдіспен сөзбе-сөз аударып, түпнұсқа туралы түсінік беру.
Дәрісті қорытындылау:
1.Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы .
2. Аударма — халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер.
3. Аударма – сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады.
4. Аударманың бірнеше түрі бар : ауызша аудару, жазбаша аударма, компьютерлік (машинамен) аудару.
Бақылау сұрақтары:
1.Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы ретінде қандай қызмет атқарады?
2.Неге аударманы – тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі дейміз?
3. Коммуникацияның неше түрі бар?
4. Аударманың қандай түрлері бар?
5.Ауызша аудару, жазбаша аударма, компьютерлік (машинамен) аудару дегеніміз не?
6 –дәріс. Аудармадағы трансформациялық үдерістер. Аударма-технологиялық әрекет.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Аудару үдерісінде кездесетін әрекеттер.
2.Аудармадағы ауыстыру мәселесі.
3.Қосу трансформациясы.
4.Түсіріп тастау трансформациясын орындауға түрткі болатын дәлелдер
5. Аудармалық транскрипция мен транслитерация түсінігі.
6. Калькалау. Лексикалық-семантикалық ауыстыру.
Аударма теориясының негізгі әдістеріне, аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер жатады. Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан. Бұл модельді жасауда аударманы бірінші тілдің мәтінін аударылатын тілдің мәтініне ауыстыру деп түсінеміз. Аудармашы түпнұсқаны қабылдап, санасында бірнеше тіларалық трансформация жасайды да, дайын аударма «шығарады». Алайда аударматанушылар көбінесе, Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады: Орын алмастыру; сөз қосу; ауыстыру; түсіріп тастау (опущения) . Орын алмастыру.Бұл — аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Сөзбе-сөз аудару тәсілі түпнұсқа тіліндегі мәтінді аударылатын тілдегі мәтінге семантикалық-құрылымдық жағынан алғандағы қарапайым және ең жақын нұсқасымен алмастыру деп қаралады.
Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипция – латынның «transcriptio»-«қайта жазу» деген сөзінен жасалған термин. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдетте жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстарының ешбір мәні жоқ. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету.
Дәрісті қорытындылау:
1. Аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер жатады.
2. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан.
3. Транслитерацияда аударылатын тіл құралдарымен бастапқы тіл сөзінің графикалық формасы, ал транскрипцияда оның дыбыстық формасы беріледі.
4. Аудару тілінің сөз жасау және морфология ережелеріне сәйкес, шет түбірінің жұрнақтары немесе жалғаулары арқылы транслитерация жасалады.
5. Транскрипция – бұл аударма мәтінге аудару тілінің графикалық амалдары арқылы енетін реалия сөздер.
Бақылау сұрақтары:
1.Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы ретінде қандай қызмет атқарады?
2.Неге аударманы – тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі дейміз?
3. Коммуникацияның неше түрі бар?
4. Аударманың қандай түрлері бар?
5.Ауызша аудару, жазбаша аударма, компьютерлік (машинамен) аудару дегеніміз не?
7-дәріс. Аударматанудағы баламалық мәселелер туралы. Қазіргі аударма саласындағы балама, баламалы аударма, баламалылық деген терминдердің қолданысы туралы.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Балама аударма туралы түсінік.
2. Аудармада қолданылатын түрлі әдістер.
3. Көркем аударманың негізгі түрлері.
4. Аударматану ғылымындағыбалама,баламалы аударма терминдеріне қатысты түсініктер.
5. Балама теориясына қатысты көзқарастарға шолу.
Аударма шығармашылық іс, рухани өнер. Белгілі аудармашы ғалым Ә.Сатыбалдиев балама аударма жөнінде: «Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің бүкіл қазынасы аударылып-төңкеріліп отырады. Әдебиет теориясы көркем аударманың негізгі үш түрі бар деп біледі. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз және балама аударма. Біріншісі – еркін аударма, бұл тәсіл түпнұсқа тілін, әдеби ырғағын жетік білмеуден, түпнұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділік жағын қарастырудан туады. Аудармадағы екінші әдіс –сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсілді көбінесе оригиналдың тілін жақсы білетін аудармашылар қолданады.
Қазақ аударматану ғылымында жиі қолданылып жүрген балама, баламалы аударма, баламалылық (эквивалент, эквивалентный перевод, эквивалентность) деген терминдердің қазірге дейін ұғымдық анықтамасы нақтылана қойған жоқ. Кей тұстарда сөз болғалы отырған аталымдар теңбе-теңдік (тождественность), дәлме-дәл аударма (адекватный перевод) деген терминдермен теңбе-тең дәрежеде ұғынылады. Баламалық жөнінде орыс ғалымдарының ішінен алғаш пікір айтқан Я.Рецкер болды. Оның айтуы бойынша, «балама» дегеніміз контексте тұрақты, тәуелсіз, теңбе-тең сәйкестік ал, зерттеуші-ғалым А.Алдашеваның түсіндіруі бойынша, екітілді сөздікте берілетін нұсқалар . Балама (эквивалент) – екі немесе бірнеше тілдердің тілдік бірлестіктердің лексикографиялық еңбектерде ұсынылатын, контекске тәуелсіз нұсқасы.
Дәрісті қорытындылау:
1. Аударма жасау үстінде балама сөздерді табу – әдеби тіліміздің баюына бірден-бір себебін тигізеді.
2. Көркем аударманың негізгі үш түрі бар деп біледі. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз және балама аударма.
3. Қазақ аударматану ғылымында жиі қолданылып жүрген балама, баламалы аударма, баламалылық деген терминдердің қазірге дейін анықтамасы нақтылана қойған жоқ.
4. Балама (эквивалент) – екі немесе бірнеше тілдердің тілдік бірлестіктердің лексикографиялық еңбектерде ұсынылатын, контекске тәуелсіз нұсқасы.
Бақылау сұрақтары:
1. Аударматану ғылымындағыбалама,баламалы аударма терминдеріне қатысты қандай түсініктер бар?
2. Баламалық жөнінде орыс ғалымдарының ішінен алғаш пікір айтқан кім?
3. Балама (эквивалент) дегеніміз не ?
4. Аударма жасау үстінде балама сөздерді табудың қандай пайдасы бар?
5. Көркем аударманың қандай түрлері бар?
8 –дәріс. Көркем аударманың бүгінгі әдеби тілде алатын орны.
Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны, өзіндік ерекшелігі және сондағы ақпаратты рәсімдеу құралдары. Көркем аударманы қабылдау.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Көркем аударма және оның түрлері.
2. Көркем аударманың бүгінгі әдеби үдерісте алатын орны.
3. Көркем шығармашылық өзіндік ерекшеліктегі өнер туындысы.
4. Аударма шығармасын қабылдау.
Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап, қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі.
В. Н. Комиссаровтың анықтамасы бойынша, көркем аударма – бұл аудармалық әрекет, оның негізгі мақсаты аударма тілінде көркем-эстетикалық әсер ете алатын шығарма жасау. Сонда, көптеген әдеби сыншылардың ойынша көркем аударма – бұл өнер, онымен тек қана эстетикалық қағидаларға сүйенетін тіл шеберлері айналыса алады.
Мәтін – бұл тіл шығармасы, оның көмегімен вербалды коммуникация іске асады. Аудармашы осы түпнұсқада берілетін толықтықты қабылдай ала алуы және онымен құрылып жатқан аударма мәтінін толық және дәл бере білуі керек. Әрбір аударма шығармашылық үдеріс ретінде аудармашының даралығын белгілеуі керек, бірақ аудармашының негізгі мақсаты түпнұсқаның ерекшеліктерін жеткізу және түпнұсқаға сәйкес көркем және эмоционалды әсерін барабарлы жеткізу үшін, аудармашы ең жақсы тіл амалдарын: синонимдерді, сәйкес болып тұрған көркем бейнелерді және сол сияқтыларды табу керек.
Дәрісті қорытындылау:
1.Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы.
2.Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады.
3. Көркем аударма – бұл аудармалық әрекет, оның негізгі мақсаты аударма тілінде көркем-эстетикалық әсер ете алатын шығарма жасау.
4. Мәтінді қабылдайтын кісі иерархиялық құрылымды– «төменнен – жоғары» қарай, мәтінді толық түсініп ұғынуға дейін қабылдайды.
Бақылау сұрақтары:
1 Көркем аударма – бұл аудармалық әрекет дегенді қалай түсінесің?
2. Көркем аудармада түпнұсқа қандай қызмет атқарады.?
3.Көркем аударма түпнұсқаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай, қалай ажыратылады.?
4 Көркем аударманың бүгінгі әдеби үдерісте алатын орны қандай?
9— дәріс. Поэзияны аударған кезде туындап жататын мәселелер. Көркем аудармадағы лексика-грамматикалық ерекшеліктер.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Көркем аударма мәселелері.
2. Аударманың сапасы жайында.
3. Аударманың қоғамдық мәні.
5. Аударманың лингвистикалық қағидасы
Көркем аударма проблемалары күн тәртібінен түспейтін, шешілуінің ұшы қиыры көрінбейтін түбегейлі проблемалардың бірі. Әдебиет тарихында бір жазушының шығармаларына әр кезде әр түрлі аудармашылар ілтипат білдіреді. Осының нәтижесінде бір туындының бірнеше аудармасы сақталады. Олардың ішінде сәттісі де, сәтсізі де ұшырасуы мүмкін. Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударудағы табыстармен қоса, сәтсіздіктер де бой көрсетіп қалады. Сөзді фактілерге беретін болсақ: Пушкиннің «Ай» («Месяц») деген өлеңінің аудармасына көз жіберейік. Осындағы әбден түсінікті айтылған сөздерді Тәкен Әлімқұлов бұзып тәржімалған. «Гордым разумным моим» — «салқын оймен», «летите прочь, воспоминания!» — «Сәуле төгіп дірілдетіп» делінген. Бұл арада «тусклое» эпитетінің қалып қоюы мағынаға нұқсан келтіріп тұр. В.Г. Белинский А.С. Пушкин шығармашылығына арналған мақаласында ақынның ойы мен сезімдер бірлігін оның пафосы деп анықтайды.
Аударманың мақсаты қарым-қатынаста болған кісілердің арасындағы лингвоэтникалық бөгеттерін бұзып, қатынасын мүмкін ету. Аударманың лингвистикалық қағидасы түпнұсқаның формалды құрылымын қайта жасау. Бірақ, егер де лингвистикалық қағида негізгі екені айтылатын болса, онда ол түпнұсқаның сөзбе сөз аударылуына әкелуі мүмкін. Тіл жағынан ол нақты болар, ал көркемдік жағынан өте әлсіз аударма болуы мүмкін. Көптеген жағдайларда мәтін мазмұнының құрылуына қатысатын семантикалық құрылымның компоненттері оның белгілерімен тікелей ара қатысын белгілейді . Сондықтан біз лексико-семантикалық эквиваленттіліктің келесі деңгейлерін белгілей аламыз: денотативті, коннотативті және коммуникативті-функционалды.
Дәрісті қорытындылау:
1. Көркем аударма проблемалары күн тәртібінен түспейтін, шешілуінің ұшы қиыры көрінбейтін түбегейлі проблемалардың бірі.
2. Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударудағы табыстармен қоса, сәтсіздіктер де бой көрсетіп қалады
3.Аударманың лингвистикалық қағидасы түпнұсқаның формалды құрылымын қайта жасау.
4. Лексико-семантикалық эквиваленттіліктің келесі деңгейлерін белгілей аламыз: денотативті, коннотативті және коммуникативті-функционалды.
Бақылау сұрақтары:
1. Аударманың лингвистикалық қағидасына не жатады?
2. Денотативті коннотативті және коммуникативті-функционалды деңгей дегеніміз не ?
3 Аударма не үшін жасалған ?
4. Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударудағы табыстармен қоса, қандай сәтсіздіктер бар?
10-дәріс. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.
Аударманың толыққандылығы туралы. Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері.
Дәріс сабағының мазмұны:
1.Аударма толыққандылығының маңыздылығы.
2. Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдары.
3. Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көп қырлы ұғым.
4. Аударма барысында жаңа сөздің жасалуы
5. Контекстің аудармадағы маңызы
6. Сөз мағынасын жеткізуде кездесетін проблемалар
Аударма толықтылығы (барабарлық) ұғымын дәлдеуге тырыса отырып,
А. В. Федоров толығырақ түсініктеме береді: «Аударманың толықтылығы – бұл түпнұсқада берілген мазмұн мағынасының толық жеткізілуі және аударманың түпнұсқаға функционалды-стилистикалық жағынан толық сәйкес келуі». Аударма толықтығы түпнұсқаға сәйкес мазмұны және форма ара қатынас ерекшеліктерін жеткізуде немесе осы ерекшеліктеріне функционалды сәйкестіліктерді жасауда. А. В. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында тепе-теңдік белгісін қояды. Ол үшін барабарлық – бұл тек қана шетел термині. Мәтіннің көркем редакциялау ережелеріне сәйкес оны ана тіліндегі сөзбен алмастыру жақсырақ болар еді. Бірақ, алмастыру болса да, мәселе айқын шешілмейді.
Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көп қырлы ұғым ретінде қарастырылады. В. Н. Комиссаровтың пікірінше «эквиваленттілік ұғымы аударманың негізгі ерекшелігін ашып, қазіргі аударматануда негізгі ұғымдардың бірі болып табылады».
«Эквиваленттілік» термині қазіргі аударма теориясында аз уақыттан бері қолданылып келе жатыр (1938 жылдан бастап Лейпциг аударма мектебінде). П. М. Топер пікірлердің көп қырлылығын белгілеп, аудару теориясына «эквивалент» терминінің қашан және қайдан кіргенін анықтайды. «Алғаш рет «эквивалент» терминін «Аударманың лингвистикалық аспектілері» туралы мақаласында Р. Якобсон ұсынған еді» («О лингвистических аспектах перевода») . Орыс тілінде эквиваленттілік сөзі эквивалентті сын есімінің ерекшеліктеріне тең. Яғни, бірдей, мағынасы бірдей, тең күшті, бірдемені қандай да болса байланыста тұрғанды алмастыру сөздеріне эквивалент болып тұр. Сонда, эквивалент сөзі – бұл бірдей, мағынасы бірдей, басқаға тең болатын, оны толық алмастыра алатын ұғым.
Эквиваленттілік – бұл тілдің ең басты мәселесі және лингвистиканың түпкі мәселесі болып табылады.
Дәрісті қорытындылау:
1. «Эквиваленттілік» термині 1938 жылдан қолданылып келе жатыр.
2. Алғаш рет «эквивалент» терминін Р. Якобсон ұсынған еді.
3.Эквивалент сөзі –мағынасы бірдей, оны толық алмастыра алатын ұғым.
4.Аударманың толықтылығы – бұл түпнұсқада берілген мазмұн мағынасының толық жеткізілуі және аударманың түпнұсқаға функционалды-стилистикалық жағынан толық сәйкес келу.
6. А. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында тепе-теңдік белгісін қояды.
7.Тілдердің сөздік құрамының арасындағы айырмашылықтар, сөздің контексте әралуан қызмет атқаруы сөз таңдаудағы белгілі бір ортақ заңдылықтарды жүйелейді.
8. Сөз мағынасын нақтылау – түпнұсқадағы сөздің сөздіктегі сәйкестігі болмаған жағдайда, жергілікті тіл ерекшелігі болған жағдайда игерілетін аудару амалы.
9. «Реалия» сөзі – латын (realis, -e, көпше түрі realia- «зат, нәрсе») сын есімінің көпше түрінен шыққан.
10. Реалия – зат, елтану ғылымының шекараларында да кең мағынаны білдіреді.
Бақылау сұрақтары:
1. Барабарлық (эквиваленттілік) дегеніміз не?
2. А. В. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында неге тепе-теңдік белгісін қояды?
3. Аударманың толықтылығы дегеніміз не?
4. Аудармадағы барабарлық дегеніміз не?
5. Сөз мағынасын нақтылау дегеніміз не?
6. Сөз мағынасын ұлғайту дегеніміз не ?
7.Реалия сөздер дегеніміз не?
8. И. Левый реалия сөздерді қалай атаған?
11-дәріс. Лексикалық бірліктерді аударудың негізгі жолдары. Реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Аударма барысында жаңа сөздің жасалуы
2. Контекстің аудармадағы маңызы
3. Сөз мағынасын жеткізуде кездесетін проблемалар
4. «Реалия»сөздер туралы түсінік.
5. Қазақ тіл білімінде реалия сөздердің зерттелуі.
Тілдердің сөздік құрамының құрылымдық-мағыналық сипаттарының арасындағы айырмашылықтар, сөздің контексте әралуан қызмет атқаруы сөз таңдаудағы белгілі бір ортақ заңдылықтарды жүйелейді. Осыған орай жинақталған материалдарға негіздей отырып, сөз таңдаудың негізгі екі түріне ғана тоқталуға болады. Олар:
-
сөз мағынасын нақтылау (конкретизация);
-
сөз мағынасын ұлғайту, үстемелеу (генерализация).
Сөз мағынасын нақтылау – түпнұсқадағы сөздің сөздіктегі сәйкестігі болмаған жағдайда, сондай-ақ қолданылған тілдік единица жалпы атау, жергілікті тіл ерекшелігі болған жағдайда игерілетін аудару амалы.
Контекстегі сөздің стильдік қызметінде субъективті-эмоционалды баға және әлеуметті коннотация бар болған жағдайда аудармашы стильдік қызметті ашатын амалдардың бірін – сөз мағынасын ұлғайтуды қолданады.
Аударма теориясы және практикасы саласында жұмыс істеген
С. И. Влахов және С. П. Флориндердің пікірінше, реалия сөздердің аудармасы екі рет шартты: қағида бойынша реалия сөздер аударылмайды (сөздік тәртіп бойынша) және қағида бойынша ол аудару тәсілімен(контекстте) жеткізіледі. И. Левый реалия сөздерді «аудармашының азабы» деп атаған. Көп уақыт бойы реалия сөздерді аудару кезінде ұлттық және тарихи өзгешелігін жеткізу маңызды мәселелердің бірі болып келді.
Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде «реалия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» терминін қолдайды. Реалия сөздер көркем әдебиетте өте жиі кездеседі. Олар белгілі бір халықтың мәдениетімен байланысты. Осы халықтың тілі үшін жалпы қолданбалы, ал басқа тілдер үшін жат. «Реалия» сөзі – латын (realis, -e, көпше түрі realia- «зат, нәрсе») сын есімінің көпше түрінен шыққан. Реалия – зат, елтану ғылымының шекараларында да кең мағынаны білдіреді.
Дәрісті қорытындылау:
1.Тілдердің сөздік құрамының арасындағы айырмашылықтар, сөздің контексте әралуан қызмет атқаруы сөз таңдаудағы белгілі бір ортақ заңдылықтарды жүйелейді.
2. Сөз мағынасын нақтылау – түпнұсқадағы сөздің сөздіктегі сәйкестігі болмаған жағдайда, жергілікті тіл ерекшелігі болған жағдайда игерілетін аудару амалы.
3. «Реалия» сөзі – латын (realis, -e, көпше түрі realia- «зат, нәрсе») сын есімінің көпше түрінен шыққан.
4. Реалия – зат, елтану ғылымының шекараларында да кең мағынаны білдіреді.
Бақылау сұрақтары:
1. Реалия сөздер дегеніміз не?
2. И. Левый реалия сөздерді қалай атаған?
3. Сөз мағынасын нақтылау дегеніміз не?
4. Сөз мағынасын ұлғайту дегеніміз не ?
12-дәріс. Эквивалентсіз лексика туралы түсінік. Жаңа сөздің, сөз тіркесінің пайда болуы.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Эквивалентсіз лексика ұғымы.
2. Реалия сөздердің сипаттайтын факторларына сәйкес топтастырылуы.
3. Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі.
4. Реалияны аударғанда қолданылатын тәсілдер.
5. Аударматану саласындағы терминологиялық ұғымдар жүйесі.
6. Аударматану терминдерінің сатылары.
Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде «реалия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» терминін қолдайды. Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады. Эквивалентсіз лексика:
1) Басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер (сөздер және тұрақты тіркестер).
2) Аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген мәтіннің реалия сөздері, аударма тілінде сәйкестілігі жоқ сөздер.
«Реалия» ретінде, қателікпен қолданылатын тағы бір ұғым — «лакуна». Номинативті бірліктердің номинативті-мәдени ерекшелігі тек қана эквивалентсіз лексика ретінде байқалмайды. Сонымен қатар, осы тілде басқа тілдегі сөздердің, ұғымдардың болмауы. Яғни, лакуналар – тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар.
Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі. Ұқсас аударма.Осы аударма тәсілі өте жиі қолданылады. Мысалы, көп таралған тәсіл функционалды эквивалентті таңдау.
Контекстуалды аударма. Бұл тәсіл өз қағидасы бойынша ұқсас аударма тәсіліне ұқсайды, бірақ сөздік аудармаға қайшы. Өйткені осы тәсілдермен аударылып жатқан сөздің мағынасы сөздікте берілген оның эквивалентінің мағынасынан тыс болуы мүмкін. Реалияны алмастыру.Кейбір ғалымдар (мысалы, Влахов және Флорин) бастапқы мәтінде берілген реалияны аударма тіліндегі реалиямен алмастырып, «реалияны алмастыру» тәсілін қолдануды ұсынады. Басқа реалия сөздерді қолданған кезде ұлттық нақыш өзгеріліп, оқырмандар өз назарларын автордың ойынша маңызды емес және ешқандай маңызы жоқ ұсақ бөлшектерге аударады.
Сипаттамалы аударма.Сипаттамалы аударма қолданылған кезде реалияның мазмұны ашылады. Яғни, қорыта келгенде аударма – бұл тіларалық қатынас үшін пайдаланылатын жалғыз ғана тәсіл. Оның негізі мақсаты — әр түрлі тілдерде сөйлейтін кісілердің қатынасын максималды түрде бір тіл ширегінде сөйлейтіндей ету.
Дәрісті қорытындылау:
1. Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады.
2.Эквивалентсіз лексика: басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер.
3.Реалия сөздер сипаттайтын факторларына сәйкес бірнеше топтарға бөлінеді.
4. Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі.
5. Реалияны аударғанда қолданылатын тәсілдер мыналар: ұқсас аударма, контекстуалды аударма, реалияны алмастыру, сипаттамалы аударма.
6. Терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді.
7. Зерттеуші Л.А.Новиков мағына түрлерінің жіктемесін ұсынды.
8. Аудармашы таланты – айрықша талант.
9.Сөз аудармасы ең алдымен орыс тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады.
Бақылау сұрақтары:
1.Реалия нені жатқызамыз?
2. Эквивалентсіз лексикаға қандай бірліктер жатады ?
3. Эквивалентсіз лексиканың қандай ерекшелігі бар?
4. Реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін қолданылатын тәсілдердің біріне қайсысы жатады?
5. Реалияны аударғанда қолданылатын тәсілдер туралы не білесің ?
6.Аударматану саласындағы терминологиялық ұғымдар жүйесіне не жатады?
7. А.Попович аударма үдерістерін зерттеу барысында қандай терминдер мен ұғымдарды енгізді?
8. Аударматану терминдері қандай сатылардан тұрады?
9.Сөз аудармасы қалай жүзеге асады?
10. Лексикалық немесе сөздік ұйқастық дегеніміз не?
11. Эквиваленттер дегеніміз не?
13-дәріс. Аударматану саласының терминологиялық жүйесі. Аудармалық сәйкестіктер.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Аударматану саласындағы терминологиялық ұғымдар жүйесі.
2. Аударматану терминдерінің сатылары.
3. Аудармалық сәйкестіктердің түсінігі.
4. Сөз аудармасындағы сәйкестіктер.
Терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді, себебі бұл аударматану метатілінің дамуына маңызды үлес қосады. Мағына мәселесін зерттейтін тіл білімінің семантика саласы орыс тіл білімінде М.М.Покровский, А.А.Потебня, В.В.Виноградов есімдерімен байланысты.
А.Попович аударма үдерістерін зерттеу барысында қолданылып отырған терминдер мен ұғымдарды енгізді. А.Попович енгізген «мәтін түпнұсқа мәтіні протомәтін», «екінші деңгейдегі мәтін аударма мәтіні метамәтін» деген терминдер тілде түпнұсқа және аударма мәтіндерін жіктеу әдістемесі деп аталатын зерттеу аппаратына кірді. Кез келген ғылым, білім саласының терминологиялық жүйесі сол ғылым саласымен бірге дамиды және адамзаттың ақиқат, шындықтың нысандарын танып білу кезеңдерін көрсетеді.
Аудармашы таланты – айрықша талант. Ол өз тілінің айшығы мен ажарын, көркемдік бейнелеу мүмкіншілігін, бейнелілігін еркін меңгерген дарынды ақын болумен бірге, түпнұсқаның мазмұны мен мәнін, тіл байлығын, ұлттық бояуын жете білетін шебер маман дәрежесіне көтерілуі шарт.
Сөз аудармасы ең алдымен орыс тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады. Аударма теориясында, қандай да бір ағылшын сөзіне орыс сөзінің мағынасы бойынша жақын болуы – лексикалық немесе сөздік ұйқастық деп аталады. Ағылшын және орыс тілінің сөздік құрылымдары бірліктерін салыстыру кезінде, осы тілдердің сөздері арасындағы мағыналық қатынастардың екі негізгі түрлері анықталады. Ағылшын сөзінің мәні, толық орыс сөзінің мәніне сәйкес. Мұндай тұрақты тең бағалы сәйкестіктерді біз эквиваленттер деп атаймыз.
Дәрісті қорытындылау:
1. Терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді.
2. Зерттеуші Л.А.Новиков мағына түрлерінің жіктемесін ұсынды.
3. Аудармашы таланты – айрықша талант.
4.Сөз аудармасы ең алдымен орыс тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөз аудармасы қалай жүзеге асады?
2. Лексикалық немесе сөздік ұйқастық дегеніміз не?
3. Эквиваленттер дегеніміз не??
4. Аударматану саласындағы терминологиялық ұғымдар жүйесіне не жатады?
5. А.Попович аударма үдерістерін зерттеу барысында қандай терминдер мен ұғымдарды енгізді?
6. Аударматану терминдері қандай сатылардан тұрады?
14-дәріс. Аударманың жанрлық-стилистикалық түршелерін сипаттаудың қағидаттары. Тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы аударма теориясы. Түпнұсқа мәтінін аудару жолдары
Дәріс сабағының мазмұны:
Достарыңызбен бөлісу:
№
Сұрақтар
Жауап А
Кәсіби қазақ тілі курсының мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудегі орны қандай?
Мемлекеттің тілдің қолдану аясын кеңейтуде кәсіби қазақ тілін меңгерудің ролі зор.
Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты не?
Өз мамандығы бойынша халықаралық стандарттар деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы , әлеуметтік және кәсіби деңгейі жоғары, қазақ тілін кәсіби деңгейде еркін меңгерген тұлға қалыптастыру
Кәсіби қазақ тілі пәнінің міндеті не?
Кәсіп саласы бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейту
Кәсіби қазақ тілі пәнінің міндеті
өз мамандықтары бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама, эссе жаза білуге машықтандыру
Стиль сөзінің мағынасы қандай?
Стиль- латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда жазу құралы деген мағына береді
Стиль жайында
“стиль көп мәндес” деген пікірді айтқан ғалым кім?
В.В. Виноградов
“Стиль –
өнер ерекшелігі” еңбегінің авторы кім?
Қ.Жұмалиев
Стильдеу дегеніміз не?
белгілі бір әлеуметтік орта, тарихи дәуір, автордың өзіндік болмысы т. б. жайында жазылған көркем шығармада уақиғаның болған кезіне тәң тілді, сөз қолдану мәнерін әдейі қолдану.
Жазба тілдің жетіле түсуі неге байланысты?
ғылым мен техника, әдебиет пен өнер салаларының дамуына байланысты
Ресми-іскери құжаттарда қандай терминлдер басым болып келеді.
саяси-публицистикалық лексиканың, әкімшілік терминдердің қолданылуы
Әдеби тіл дегеніміз не?
Әдеби тіл – жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл
Әдеби тілдің анықтамасын табыңыз
әдеби тіл – жалпыхалықтық тіл
Тіл мәдениетінің зерттеу объектісі?
тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын
Сөз мәдениеті орыс тіліндегі аудармасы
культура речи
Сөз мәдениеті қандай ұғыммен ұштасып жатыр?
сөйлеу әдебі
Тіл туралы халық даналығы
Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.
Ауызекі сөз ерекше қандай түрге бөлінеді?
дидарластық сөз (әңгімелесу, сұхбаттасу);
полемикалық (дауласу) сөз;
көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).
Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз, белгілеңіз.
ғылыми тіл
Қатысым дегеніміз?
әрекет
«Өткірдің жүзі. Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас». Өлең жолдарының авторы кім?
Абай
Құнанбаев
Төмендегі сөз тіркесінің аудармасын табыңыз
Производственная технология
өндірістік технология
Төмендегі сөз тіркесінің аудармасын табыңыз
планировать производство
өндірісті жоспарлау
Сөйлеу әдебіне қатысты айтылған ұлағатты сөзі бар қатарды белгілеңіз.
Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.
Сөйлеу әдебіне қатысты айтылған мақалы бар қатарды белгілеңіз.
Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады
Жігіттің жақсысы дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген. Даналық сөздің авторы кім?
Әйтеке би
Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін зерттеген ғалымдар
А. Байтұрсынұлы,
М. Балақаев,
Р. Сыздықова
«Тіл байлығы – елдің ерлігін, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылымын, салт-санасын көрсететін тілдің сөзсіз дәлелді мөлшері». Даналық пікірдің авторы кім?
Б.Момышұлы
Кәсіби сөздер дегеніміз не?
белгілі бір кәсіппен айналысатын адамдардың өзара қолданатын
сөздері
Терімшілер күндік жоспарын ерте орындады. Кәсіби сөз қайсы?
терімшілер
Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз
Шолпы, білезік, сырға, қапсырма.
Терминдердің қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз.
Аммиак,азон
Химия
Кәсіби сөзді көрсетіңіз
әңгелек
Кәсіби сөздердің ерекшелігін көрсетіңіз
белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты болады және әдеби тілде баламасы болмайды
Кәсіби сөздердің түрлерін көрсетіңіз.
қолөнершілікке және ауыл шаруашылығына байланысты
«Жылым» сөзі қай топқа жатады?
кәсіби сөз
Етікші қолындағы тарамысты шірене тартты. Кәсіби сөзді көрсетіңіз.
тарамыс
Ғылыми ұғымды атау үшін арнайы қолданылатын жалаң және күрделі сөздер
термин сөз
Термин сөздердің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
бейнелілік, образдылық, стильдік реңк, ауыс мағына болмайды
«Талшықты — оптикалық байланыс желісі» термині қалай жасалған?
калькалау арқылы
Тұтқырлық, морттық, өткізгіштік, сыйымдылық қандай тәсілмен жасалған терминдер?
синтетикалық тәсіл
Термин сөздер қатарын белгілеңіз
сюжет, көбейгіш, гипербола
Белгілі бір шаруашылық саласымен шұғылдануда қолданатын сөздерді көрсетіңіз.
Кәсіби сөздер
Қолөнершілікке қатысты сөздер тобын көрсетіңіз.
Тышуыр, пәрбі.
Мал шаруашылығына қатысты кәсіби сөздерді көрсетіңіз.
қыстау, күзем, тоғыту, қырқым, телу, сауым
Кәсіби сөзді қатарды табыңыз
Әңгелек, торлама.
Кәсіби сөздерге қатысы жоқ саланы анықтаңыз.
Ағашшылық, суретшілік.
Кәсіби сөздерге қатысы жоқ саланы көрсетіңіз.
химия саласы
Қолөнерге байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.
Пышқы, шербек
Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.
Қоза, шиіт.
Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер:
жүген, құрық, шылбыр, тізгін
Қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер:
қылша, өркен, түбіртек, жом
жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер:
дүмбі, пәшік, сота
Бишік, терлік, тоқым, доға ауыл шаруашылығының қай саласына қатысты кәсіби сөздер?
мал шаруашылығы
Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылым қалай аталады?
терминология
Интернационалдық терминдерге жататын сөздерді белгілеңіз.
Квадрат, глобус
Терминжасамдағы синтетикалық немесе морфологиялық тәсілдің мәні қандай?
термин сөздердің жұрнақтар жалғану арқылы жасалуы
Термин сөздер қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
Эвфемизм әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан туған.
Термин болу үшін қандай басты шарт қойылады?
сөздің
мағынасы
біреу болып,
нақты
ұғымның
атауы болу
керек
Термин сөздерді көрсетіңіз
Бастауыш, аммиак.
Терминжасамдағы калька тәсілдің мәні не?
терминдерді сөзбе-сөз аудару
Қай терминдер лексикалық тәсілмен жасалған?
котангинс, биссектриса, атом, квант, вектор, оптика, механика
Термин сөзді табыңыз.
Жер серігі.
Қазақша баламасы жоқ интернационалдық терминді көрсетіңіз.
Глобус.
Қазақ терминологиясының негізі қашан қаланды?
ХХ ғасырдың 20 жылдары
1926 жылы жарық көрген «Құрылыс материалдары» оқулығын аударған кім?
М.Әуезов
Тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат ететін сөздіктер
толық сөздік
Этимологиялық сөздік қандай сөздік?
сөздердің шығу тегі мен олардың семантикалық дамуы туралы мағлұмат беретін сөздік
Түсіндірме сөздік дегеніміз …
қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздік
Лексикография – …
сөздік жасаудың теориясы мен практикасы туралы ғылым
Тілдік қатысым дегеніміз не?
тілдік қатысым дегеніміз – әрекет
Ауызекі сөйлеу стилі қайда қолданылады?
күнделікті өмірде, тұрмыста, отбасындағы қарым-қатынаста
Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стиліне тән қатарды белгілеңіз.
Ғылыми терминдер жиі кездеседі
Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап, түсіндіретін сөздіктерді көрсетіңіз.
энциклопедиялық сөздіктер; иллюстративтік сөздіктер.
Тілдің сөздіктік құрамы туралы ғылым қалай аталады?
лексикология
Тіл лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін сипаттайтын қандай сөздіктер?
тарихи сөздіктер
Аудармасын табыңыз Поток информации
ақпарат ағымы
Азот, масса, оттегі, лексикология терминдері қай стильде кездеседі?
ғылыми
Асфальт, бетон төсемді жолдар салу үшін асфальт не бетон төсегіш шынжыр табанды машиналар қолданылады. Сөйлем қай стильде берілген?
ғылыми стиль
Қайсысы ғылыми стильде жазылады?
оқулықтар мен оқу құралдары
Ғылыми стильге тән белгілері бар сөйлемді көрсетіңіз.
Алебастр — байланыстырушы тұтқыр материал, одан сылақ езбесі, құйма қалыптары, құрылысқа қажетті бөлшектер, гипстік құйматас, едендік тақта, жасанды мәрмәр әзірленеді.
Қазақ тілінде ғылыми стильдің қалыптасуына айрықща үлес қосқан қайраткерлерді көрсетіңіз.
А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Жұмабаев т.б.
Ғылым тілі … (немен?) тікелей байланысты.
жазумен
Энциклопедиялық сөздіктер қай стильде жазылады?
ғылыми стильде
Қазақ тілінде ғылыми стильдің қалыптасуына айрықша үлес қосқан қайраткерлерді көрсетіңіз.
А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Жұмабаев т.б.
Ғылымның дамуымен бірге пайда болатын жаңа ұғымдар мен атаулар не деп аталады?
неологизмдер
Стиль түрін анықтаңыз.
Түзуші ұлпалар сабақтың тамыр ұясында болады.
Ғылыми
Стиль түрін анықтаңыз
Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады
ғылыми
Дидарластық сөз стилі қандай жағдайда қолданылады?
Екі немесе бірнеше, сондай-ақ одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында
қолданылады
Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары нешеу?
5
Ғылыми стильге жататын сөйлемді табыңыз
Қазбаларда тас дәуіріне жататын мүліктер бары анықталды
Суреттеу, баяндау, хабарлау ғылыми стиль жанрының қай түріне тиісті?
мәтін
Диссертация, дипломдық және курстық жұмыстар қандай стильде жазылады?
ғылыми стильде
Мәтіннің қандай түрлері бар?
хабарлама, баяндау
Мәтіннің анықтамасын көрсетіңіз.
Белгілі бір шығарманың тұтас мазмұны.
Мәтінде жаңа жолдан бастап жазғанда, оңға қарай жасалған шегініс қалай аталады?
азат жол
Мәтіннің тілдік құрылымын айқындайтын басты белгілерді көрсетіңіздер.
жүйелілік, тұтастық
Абзац дегеніміз не?
Бір азат жол мен келесі азат жол арасындағы мәтін бөлігі
Бір азат жол мен келесі азат жол арасындағы мәтін бөлігін не дейміз?
абзац
Аудармасын табыңыз
Готовая продукция
Дайын өнім
Мәтінмен жүргізілетін жұмыс кезеңдерін атаңыз
Мәтіндегі басқы, ортаңғы, соңғы ойларды анықтау.
Мәтінге берілген анықтаманың аудармасын көрсетіңіздер.
Текст – это:
произведение речи, состоящее из предложений, связанных по смыслу и с помощью разных языковых средств
Жоспар тілдік рәсімделуі жағынан қалай бөлінеді?
сұрақ-жауап, тақырыптық, тезистік
Жоспар дегеніміз не?
Мәтінде айтылатын негізгі мәселелерді атап көрсету.
Тақырыптық жоспар қалай жасалады?
Бір тақырып бойынша әр бөлімге жасалған жоспар.
Жоспар тәрізді белгілі бір қысқа мәтіннің түрі.
тезис
Тезиске берілген анықтаманы көрсетіңдер.
Жоспар тәрізді белгілі бір қысқа мәтіннің түрі қай ғылыми жанрға жатады?
Мәтінде берілген негізгі мәліметті іздеуге бағытталған жоспар түрі қалай аталады?
сұрақ-жауап
Мәтіннің әр бөлігіне сәйкес келетін негізгі мәліметті ашатын сөйлем қай ғылыми жанр түріне жатады?
тезис
Қай сөйлем аннотация жанрына тән?
Оқулық техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған
Ғылыми стиль жанрына жататын ерекшеліктерді атаңдар.
Арнайы термин сөздердің болуы
Еңбектің тақырыбы сипатталып, ол туралы белгілі бір мәліметтерді хабарлайтын аннотация түрін көрсетіңіздер.
анықтамалық
Сын-пікірге берілген анықтаманы көрсетіңіздер.
Бір нәрсені ақиқат не жалған болуы тұрғысынан мақұлдау не бекерге шығару жөніндегі ой
Аннотация жанрына тән сөйлемді табыңыздар
«Кәсіби қазақ тілі» оқулығы Білім департаменті және жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлімдерінің студенттеріне арналған.
Еңбектің тақырыбы сипатталып, ол туралы белгілі бір мәліметтерді хабарлайтын аннотация түрін көрсетіңіздер.
анықтамалық
Сын-пікірге берілген анықтаманы көрсетіңіздер.
Бір нәрсені ақиқат не жалған болуы тұрғысынан мақұлдау не бекерге шығару жөніндегі ой
Аннотация жанрына тән сөйлемді табыңыздар
«Кәсіби қазақ тілі» оқулығы Білім департаменті және жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлімдерінің студенттеріне арналған.
Тезиске берілген анықтаманың баламасын көрсетіңіздер.
Тезис – это:
коротко переданные основные мысли текста
Қай ғылыми жанрға сүйене отырып қажетті әдебиеттерді іріктеп алуға болады?
аннотация
Аннотацияның рефераттан айырмашылығы қандай?
Еңбектің мазмұнын ашпайды, тек оның мазмұны жөнінде баяндайды.
Ғылыми стиль жанрының қолданылатын орнын белгілеңдер
аннотация жазуда
«Оқу құралының тілі жеңіл. Оқу құралында коммуникативтік, танымдық, тәрбиелік мақсаттармен қатар оқу, сөйлеу, жазу біліктіліктері ескерілген». Сөйлем қай ғылыми стиль жанрына жатады?
рецензия
Рефератталатын құжаттардың саны бойынша реферат қандай түрге бөлінеді?
монографиялық, шолу
Реферат мазмұнына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
хабарлама, индикативті
Бір құжат бойынша құрастырылатын рефераттың түрі.
монографиялық
Шолу рефератының анықтамасын белгілеңіз.
Бір тақырыпқа бірнеше құжаттар бойынша құрастырылады.
Автореферат дегеніміз не
Кандидаттық, докторлық диссертацияларды қорғау барысында жазылатын рефераттың түрі.
Кандидаттық, докторлық диссертацияларды қорғау барысында жазылатын рефераттың түрі.
автореферат
Құжаттың тақырыбымен тығыз байланысты негізгі ережелер ғана көрсетілетін рефераттың түрі.
индикативті
Курстық, дипломдық, диссертациялық жұмыстарды жазу кезінде барлық реферат түрлерінің ішіндегі негізгі болып саналатын сұранысқа ие рефераттың түрі.
хабарлама
Құжаттың барлық негізгі ережелері қорытылған түрде берілетін рефераттың түрі.
хабарлама
Реферат қай тілден енген термин?
латын
Ғылыми проблеманы зерттеу қорытындылары жөнінде хабарлау, әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалған белгілі тақырыпқа арналған баяндама қалай аталады?
реферат
- ъ
Мемлекет, ұйым, ұжым атынан сайланатын өкілдер тобы
делегация
Қызметтік хатқа жататын хат түрі.
ұсыныс хат
Делдал сөзі қандай мағынаны білдіреді?
Екі жақтың арасын келістіру үшін жүретін кісі.
Дұрыс аударылған сөзді табыңыз.
профессиональная ориентация – кәсіптік бағдар
Қызметтік хат дегеніміз не?
Қызметтік хат – мекемелер арасында байланыс орнату, ақпарат алмасу, т.б. ресми мақсаттарда қолданылатын іс қағазының бір түрі.
Қызметтік, ресми хаттар қандай стильде жазылады?
ресми іс қағаздар стилінде
Іскерлік қасиет
ұйымдастырушылық
Сенімхаттың мәтіні … оқылды
дауыстап
Өмірбаянның мәтіні қандай есімдіктен басталады?
мен
Өмірбаян нешінші жақта баяндалады?
бірінші
Мен, Куаныш Өмірбекұлы Қасенов, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым — қазақ. 1970-1980 жылдар аралығында «Баршатас» орта мектебінде оқыдым.
өмірбаян
Қазақ әдеби тіл стильдері:
5
Түйіндемеде қандай мәліметтер беріледі?
Білім, біліктілігі, еңбек жолы
Түйіндеме қандай іс қағазы?
Белгілі бір тұлғаның білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазы.
Түйіндеме қандай жағдайда жазылады?
Белгілі бір жұмысқа тұруға үміттенгенде
Мен 1995 жылы туды…
-м
Жеке адам өміріне қатысты құжат
өмірбаян
«Резюме» қай тілден алынған термин
француз
Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз —
өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу
Түйіндеме –
белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Жеке адам туралы қосымша мәліметтер беретін сөз тіркестерін көрсетіңіздер.
Спортпен айналысу, би үйірмесіне қатысу, сурет салу
Түйіндеме қайда тапсырылады?
Кадрлар бөліміне
Түйіндемені кім дайындайды?
Жеке адам
«Просим подтвердить получение резюме»-қазақша баламасын көрсетіңіз
Түйіндемені алғаныңызды растауыңызды сұраймыз
Аудармасын көрсетіңіз: «В резюме не дается сведения о родителях»
Түйіндемеде ата-анасы туралы мәлімет берілмейді
Сәйкес етістікті таңда: «Түйіндеме …»
жазу керек
Жеке адамға қатысты іс қағазын көрсетіңіз
түйіндеме
«Внеочередной отпуск» тіркесінің дұрыс баламасы
кезектен тыс демалыс
Ветеринарлық медицина кафедрасының аға оқытушысы, в.ғ.к. Салауатова Жаннұр Әлиқызын факультет деканының орынбасары қызметіне алуыңызды ұсынады. Берілген сөйлем қызметтік хаттың қай түріне жатады?
ұсыныс хат
жұмысқа қабылдану, сайланбалы оргаңдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат.
кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
Ұсыныс хаттың негізгі мәтінінің мазмұнын көрсетіңіз.
Қызметкерді белгілі бір қызметке ұсыну.
Хабарламаның неше түрі бар:
3
Ұсыныс —
белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жұмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама түрі.
Мекемелер арасында байланыс орнату, ақпарат алмасу т.б. да ресми мақсаттарда қолданылатын іс қағазының бір түрі.
ресми хат
«Производительность работы» тіркесі үшін қай баламаны таңдайсыз?
Жұмыстың өнімділігі
«Актуальная проблема» тіркесі үшін қай баламаны таңдайсыз?
өзекті мәселе
Ұсыныс хаттың мәтінінің мазмұны қандай?
қызметкерді белгілі бір қызметке ұсыну
Адамның өмір және еңбек жолының басты кезеңдері хронологиялық тәртіппен жазылатын қандай құжат?
өмірбаян
Жұмысқа орналасарда кадрлар бөлімінде толтырылатын бланктік қағаздың бір түрі
жеке іс парағы
Мінездеме неше дана етіп дайындалады.
2
мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы
Қызметтік мінездеме
түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
мінездеме
Белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазы қалай аталады ?
мінездеме
Философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанр қалай аталады?
эссе
«Профессия» қай тілден енген сөз?
латын
Табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылатын жанр
эссе
Эссенің неше түрі бар?
3
Эссенің түрлері
салыстырмалы, пайымдық, көркем-әдеби
Аударманың жағдаяттық (денотативтік) теориясы.
Бұл теория тіларалық өзгерістердің шегінен шығып кетеді және болмысқа деген қатынасты болжайды. Аударманың жағдаяттық теориясы кез келген денотат (зат, сипат, іс-әрекет, яғни қоршаған болмыстың бөлшектері), кез келген жағдаят әртүрлі сипатталуы мүмкіндігіне негізделеді. Сонымен қатар әр тілдің өзінің қалыптасқан сипаттау тәсілдері бар. Осы тәсілдерді мәтіннің жеке бірліктерін өзгерту арқылы емес, сипатталатын денотат, жағдаят арқылы табу қажет.
Жағдаяттық үлгі денотат немесе жағдаятты бастапқы мәтін арқылы және солардың негізінде аударма мәтінін құру арқылы анықтауды болжайды. Осындай жолмен аударманың жағдаяттық теориясы жағдаят пен мағынаны теңдестіре отырып, объективті мәлімет ретінде айтылым мағынасынан оқшауланады. Осы теория шегінде аудармашы екі тілдің теориясы мен практикасын меңгерген жоғары білікті лингвист ретінде әрекет етеді. Аударманың жағдаяттық теориясы, әсіресе В.Г. Гак [1;2] еңбектерінде кең түрде қарастырылады. Аударманың жағдаяттық теориясы барлық артықшылықтарына қарамастан, аударма туралы ғылымның нысаны ретіндегі аударма үдерісінің бөлшектерін ескермейді.
Аударманың трансформациялық теориясы.
Бұл теория аударма үдерісін бастапқы тіл құрылымы бірліктерінің аударма тілі құрылымының бірліктеріне өзгерту ретінде меңгеруге негізделген. Оны Ресейде И.И. Ревзин және В.Ю. Розенцвейг [2], шетелде Ю. Найда [4] жасаған. Бұл теорияның негізінде барлық грамматикалық жағынан дұрыс айтылған сөйлемдер шектеулі жай ядролық құрылымдардан жасалады деген американдық ғалым Н. Хомский [5] грамматикасының қағидалары жатыр. Демек, бұл теория қабылданатын мәтінаралық тілге трансформацияланады (өзгертіледі) деген ережеден шығады.
Осы мәтінді аударма тілінде беру үшін оны тағы да трансформациялау, яғни сол тілдің заңдылықтары бойынша тілдік сөйлеуге айналдыру қажет. Аударманың трансформациялық теориясы аударма үрдісінің тіларалық өзгертулер деп аталатын бөлігін толықтай түсіндіреді.
Аударманың трансформациялық теориясының кемшілігі оның эксперименттік негізінің болмауы, демек, ол аударма туралы ғылымның нысанынан бөлек тұр. Аударманың трансформациялық теориясы Ресейдің жетекші психологтерінің, ең алдымен, Н.И. Жинкин [6] еңбектеріндегі субъективті мағыналық кодты мойындаудан шығады. Басқаша айтқанда, аударманың трансформациялық теориясында аудармашыны әдебиетшіге айналдырып және ондағы шығармашылық бастамаларды мойындайтын таза лингвистикалық ұстанымдардан әдебиет жаққа қарай өту белгіленген.
Аударманың психолингвистикалық теориясы.
Ресей аударматануында Әскери университет ғалымдарының еңбектерінде аударманың псхолингвистикалық теориясы белсенді түрде қалыптасып келеді. Оның зерттеу пәні – аударманың тіларалық коммуникация ретіндегі психологиялық (психолингвистикалық) аспектісі.
Аударма туралы ғылымда осы бағыттың әдістемелік және теориялық негіздерін салған белгілі ғалым А.Ф.Ширяев. Ол аударманың әрекетшілдік қызметін дәлелдейді, яғни аударманы өзіндік мақсаты, пәні, құралдары, жүзеге асыру тәсілдері, нәтижелері, құрылымы бар сөйлеу әрекетінің белгілі мамандырылған түрі ретінде қарастырған.
А.Ф.Ширяев бойынша [7], аударма мақсаты белгілі бір тілде дыбысталған немесе жазылған айтылым түріндегі «өнім» тудыру болып табылады. Әлеуметтік тапсырыс аясында аудармашыға болашақ өнімнің негізгі өлшемдері беріледі. Бұл іс-қызмет нысаны – бастапқы тіл құралдары арқылы берілген әр тілді коммуниканттардың бірінің сөйлеу қызметінің өнімі.
Аудармашылық іс-қызметті жүзеге асыру тәсілдері үш топқа бөлінеді.
Бірінші топ – сөйлеу қызметі өнімдерін адам игілігіне айналдырудың тыңдау және сөйлеу ауқымды тәсілдері. Екінші топ аудармашылық міндеттерді шешу – баламаларды қолдану, нұсқаулық және контекстік сәйкестіктерді анықтау үрдісін қамтиды. Үшінші топ сөйлеу және жазу сияқты аудармашылық іс-қызмет тәсілдерін біріктіреді.
Құрылымдық жағынан аудармашылық іс-қызмет өзара байланысты және өзара шарттастырылған аудармашылық әрекеттер тізбегінен тұрады. Микро-қызмет болып табылатын қызметтік үрдістің минималды бірлігі тұтас іс-қызметтің барлық негізгі сипаттарына ие. Тұтастай аудармашылық іс-қызмет те, сондай-ақ, оған кіретін әрбір аудармашылық әрекет те кез-келген ой-зерделік әрекетке тән үш фазалы құрылымға ие: 1) іс-қызмет немесе әрекет жоспарын жасау фазасы, 2) жасалған жоспарды жүзеге асыру фазасы және 3) алынған нәтижені көзделген мақсатпен салыстыру фазасы. Аудармашылық қызметтің өнімі (нәтижесі) аудармашы жасап шығарған аударма тіліндегі мәтін болып табылады. Аудармашылық қызмет өнімінде бір мезгілде адресат қызметі де, аудармашы қызметі де белгіленеді.
Заңды сәйкестіктер теориясы.
Я.И. Рецкердің теориясы [8] аудармашы жұмысының негізгі әдістерін түсіндіреді. Ол баламалар мағынасының және сөз тіркесінің көлемін меңгеруге ынталандырады; ол контекст мағынасына және бастапқы тіл бірліктеріне сәйкестіктер іздеу барысында аудармашының жүгінетін келешегі неғұрлым жоғары лексикалық трансформацияларына сілтеме береді. Яғни Я.И. Рецкердің теориясының құндылығы да осында. Бірақ Я.И.Рецкердің теориясы барлық аудармашылық үрдісті түсіндірмейді, себебі оның авторы аударма туралы ғылымның бөлімдерін — түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтінінің бірліктерін зерттеумен ғана шектеледі. Заңды сәйкестіктер теориясы аударманың жалпы теориясының құрамдас бөлігі ретінде кіреді. Ол тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу үшін өте пайдалы болып келеді.
Аударманың ақпараттық теориясы.
Тіларалық коммуникацияның ақпараттық аспектісі атақты ғалым Р.К.Миньяр-Белоручев [9] ұсынған және жасаған аударманың ақпараттық теориясын құрады. Р.К.Миньяр-Белоручевтің түсіндіруінше, аударманың ақпараттық теориясына сәйкес бастапқы тілден аударма тіліне өту ақпараттық деңгейде жүзеге асады. Аударма мақсаты хабарламаны, демек, жеткізілуге арналған ақпаратты немесе ақпарат инвариантын, басқаша айтқанда, берілген қарым-қатынас түріне маңызы бар ақпараттың құрамдас бөліктерін жеткізу болып табылады. Хабарлама құрылымы вариативті және ақпараттың әр түрінен құралады. Бастапқы мәтін трансформация нысаны емес, семантикалық ақпарат пен құрылым туралы ақпаратты тасымалдаушы болып табылады. Сондықтан аударма үдерісінде тіларалық трансформация емес, ақпаратты іздеу мен оны жеткізу маңызды болып табылады. Аударма мәтінінде түпнұсқаның коммуникативтік тапсырысының бір бөлігі ғана сақталады, себебі, басқа да коммуникациядағы сияқты, екі тіл арасындағы коммуникацияда заңдылықтармен қатар орынсыз шығындар да болады.
Аударманың ақпараттық үлгісі қабылдаушының бес деңгейінің ақпараттық қорын ескеруге және түпнұсқаның әртүрлі коммуникативті анықталған құндылықтары: бірегей немесе тірек, қосымша, нақтылайтын, қайталама және нөлдік ақпараттарға негізделген. Ақпараттық теорияға «ақпарат» (белгілі бір білімнің жеткізілу үдерісі), «хабарлама» (жеткізіліп жатқан білімнің мазмұны), «мәтін» (хабарламаға ие кез келген таңбалық құрылым) ұғымдарының нақты жіктелуі тән. Бір мәтін бір, бірнеше хабарлама немесе хабарламаның жартысын беруі мүмкін; бір хабарлама бір, бірнеше мәтіндердің немесе мәтін бөлігінің арқасында берілуі мүмкін; әртүрлі мәтін бір хабарламаға ие болуы мүмкін.
Аударманың ақпараттық теориясындағы бастапқы мәтін аударманың лингвистикалық теориясындағыдай трансформация нысаны ретінде емес, түрлі ақпарат тасымалдаушысы ретінде қарастырылады. Сонда аударма үдерісінің өзі де тіларалық трансформация ретінде емес, ақпаратты жеткізу мен іздеу ретінде түсіндіріледі. Р.К.Миньяр-Белоручев ақпараттың келесі түрлерін ажыратады: фондық ақпарат, шу, семантикалық және жағдаяттық ақпарат, олардың тіркесі айтылымның мағынасы және құрылымы жөнінде ақпарат беріп, коммуникантқа қосымша эстетикалық әсер етеді.
Бірақ бұл аудармашы бастапқы мәтіннің барлық ақпараттық кешенін береді деген сөз емес. Р.К.Миньяр-Белоручев бойынша, аудармада барлық ақпарат емес, жеткізілуге арналған ақпарат, демек, дереккөздің ресми адресатқа жеткізгісі келген ақпараты сақталуы қажет. Осы жеткізілуге арналған ақпаратты ғалым аударма инварианты деп атайды. Аударманың ақпараттық теориясының ең маңызды және нәтижелі ережесі – ол аудармада бір тілден екінші тілге өту ақпараттық деңгейде жүзеге асатындығы. Өкінішке орай, бұл тұжырым қазіргі аударма теориясында және аударманы оқыту әдістемесінде де міндетті деңгейде ассимилияцияланбағандығын айтуға тура келеді.
Баламалық деңгейлері теориясы.
Бұл теория мәтін мазмұнынан ақпарат сипаттамасы бойынша ерекшеленетін бірнеше деңгейлерден тұрады. Ол баламалылық қатынас бастапқы және аударма мәтіндердiң аналогтік мазмұнына сәйкес деңгейлерінің арасында болады. Заңды сәйкестіктер теориясын, семантикалық-семиотикалық үлгіні және жағдаяттық үлгіні аударма туралы ғылыми түсініктердің біртұтас жүйесіне біріктіруге тырысқан В.Н. Комиссаров баламалылық деңгейінің теориясын жасаған болатын. Бұл теория Ресейде және шетел ғалымдары арасында қолдау тапты. Баламалылық деңгейлері теориясының негізінде Л.С. Бархударовтың тұжырымдамасы [10] бойынша, түпнұсқа мен аударма арасындағы мағыналық жақындық ауыспалы шамада болатындығы көрініс тапқан. В.Н.Комиссаров түпнұсқа мәтіндері мен аударма арасындағы баламалылық қатынастардың келесі түрлерін ажыратады:
1. Түпнұсқа мен аударма мазмұнының ең төменгі дәрежесімен сипатталатын қарым-қатынастың мақсаты деңгейіндегі баламалылық.
2. Екі мәтінде де бір мәселе жайында айтылғандықтан, әр тілдегі мәтіндер мазмұнының ортақтығының сәл жоғары деңгейімен сипатталатын жағдаятты сипаттау деңгейіндегі баламалылық.
3. Қарым-қатынас мақсатының ортақтығы мен жағдаяттың ортақтығы ғана емес, сонымен қатар бастапқы мәтіндегі жағдаятты сипаттаған ұғымдар сақталатын жағдаятты сипаттау әдісі деңгейіндегі баламалылық.
4. Жоғарыда аталған жалпы бөліктерге түпнұсқа мен аударманың синтаксистік құрылымдарының инварианттылығы қосылатын сөйлеудің құрылымдық ұйымдасуы деңгейіндегі баламалылық.
5. Түпнұсқа мен аударма арасында болуы мүмкін емес мағыналық ортақтықтың ең төменгі дәрежесі – сөздік таңбалардың семантикасы деңгейіндегі баламалылық [11].
Осындай жолмен В.Н.Комиссаров бастапқы мәтін аударма мәтінге салыстырмалы түрде болатын семантикалық жағдайдың әмбебап теориясын жасап шығарды. Бұл құрамдардың әрқайсысына тән өзінің лексикалық-семантикалық трансформациялары бар. В.Н.Комиссаровтың аудармашылық қызметінде аудармаға тіларалық өзгертулер ретінде жеке лингвистика тұрғысынан қараудың когнитивті әлеуеті қолданылған деп айтуға болады.
Әскери аударма теориясы.
Әскери аударма теориясы Г.М.Стрелковскийдің еңбектерінде [12] толықтай көрініс тапқан. Мұнда ол аударманың функционалды-прагматикалық концепциясының нақты жанрлық манифестациясын білдіреді. Автор әскери аударма теориясының негізгі ұғымдарын енгізеді (ақпарат және хабарлама, аударма және транслят, хабарлама, хабарлама инварианты және аударма инварианты, айтылым мағынасы және коммуникативтік міндет және т.б.), әскери аудармашы қызметінің функционалды-семантикалық үлгісін ұсынады, әскери мәтіндер жанрының толықтай жіктемесін береді, әскери терминологияның аударылу мәселелерін, қысқартулардың мағынасын ашу және анықтамалықтар мен сөздіктермен жұмыс жасау мәселелерін ашады.
Г.М.Стрелковский аударма нұсқаларын таңдауда аудармашылық өзгертулердің себебін анықтайтын факторларды шектейді. Біріншісіне ол бастапқы тіл мен аударма тіл жүйелерінің арасындағы объективті қатынастарды, коммуникативтік міндеттер бөліктерін ескере отырып жеткізілетін хабарлама мағынасын, хабарламаны қабылдаушының апперцепциялаушы мүмкіндіктерін ескеруді (жеке тезаурус, әлемді қабылдау, әлеуметтік факторлар), көркем аудармада аудармашының психологиялық ерекшеліктері мен оның мәтінді эстетикалық және көркем шығарма түрінде қабылдай алу қабілеттілігін жатқызады.
Г.М.Стрелковскийдің ойынша, аудармашылық өзгертулердің себебіне ұғымдар көлемінің сәйкес келмеуі немесе әртүрлі халықтың ұғымдар жүйесінің алшақ болуы, аударма тілі нормаларын сақтау қажеттілігі, бастапқы тіл үлгісі бойынша аударма тілінде сөздердің тіркесу мүмкіндігінің болмауы, аударма тілінің стилистикалық нормаларын сақтау қажеттілігі, қалыптасқан тілдік дәстүр немесе сөздерді қолданудың белгілі бір қабылданған түрі жатады.
Машиналық аударма теориясы.
XX ғасырдың ортасында аударматанудың арнайы нысаны – электронды есептеу машинасын (ЭЕМ-ді) пайдалану арқылы аударма жасаудың, демек, машиналық аударманың пайда болуына байланысты – машиналық аударма мәселесін зерттейтін машиналық аударма теориясына, соның ішінде, бір жағынан, көптеген машиналық аударманың «қағаз алгоритмін» жасап шығарушылардың И. Бар-Хилелле [13], И.А. Мельчук [14], И.И. Ревзин, В.Ю. Розенцвейг [3] және тағы да басқалардың сипаттама еңбектерінде және екінші жағынан, Ю.Н. Марчуктің [15] жетекшілігімен және тікелей қатысуымен орындалған бүкілодақтық еңбектерде, Р.Г.Пиотровскийдің [16] жетекшілігімен және тікелей авторлық қатысуымен орындалған еңбектерде, К.Б. Бектаевтың [17], А.Н. Беляеваның [18], Л.Л.Нелюбинның [19], А.Қ. Жұбановтың [20] және тағы да басқалардың монографиялық жұмыстарында көрініс тапқан машиналық аудармаға деген қажеттілік туындады.
Аударманың коммуникативті-функционалды теориясы.
З.Д. Львовскаяның [21] аударманың коммуникативті-функционалды теориясының негізгі мәселесі тілдік мағыналар мен сөйлеу мәні ұғымдарының ауқымын шектеу және олардың өзара байланысы болып табылады. Аудармашы қызметінің мәні екітілді коммуникация үдерісінің негізін құрайтын ақпаратты бірнеше рет қайтадан кодтау тізбегіндегі басты орнымен анықталады: мән – мағына – мән – мағына – мән. Аудармада сөйлеу қарым-қатынасының нақты сөйлеу жағдаятын құрастыратын объективті және субъективті факторларды ескеру қажет. Сөйлеу жағдаятының форманттары ақпараттық мазмұны тұрғысынан да, коммуникация үрдісінде орындайтын қызметі тұрғысынан да бір мағыналы емес. Айтылым авторының мақсаты мен себебінің өзара байланысын автордың коммуникативті міндеттері анықтайды. Себеп пен мақсат өз кезегінде сөйлеу жағдаятының барлық форманттарының өзара қатынасының нәтижесі болып табылады: мәтін авторының тұлғасы, сөйлеу пәні, қарым-қатынастың орны мен уақыты, коммуникациядағы серіктестің тұлғасы. Дегенмен, ол өзі сөйлеу жағдаятын, коммуникативті міндетін құрастыратын факторлар әсерінен пайда болады да, айтылымда «материал» бола отырып, алдағы дамуын болжай алатын сөйлеу жағдаятының формантына айналады. Мәтіннің мағыналық бөліктері – оның прагматикалық және семантикалық құрылымдары. Бұл құрылымдар сөйлеу жағдаятымен анықталады, өйткені дәл осы жағдаят сөйлеу әрекетінің себебі болып табылады.
З.Д. Львовскаяның ойынша, аудармашылық трансформациялардың көптеген себептері лингвистикалық және экстралингвистикалық сипатқа қатысты. Аударма барысындағы өзгертулердің лингвистикалық себептері бастапқы тіл мен аударма тілінің әртүрлі жүйесімен, нормаларымен және тұрақты қолданыстармен байланысты. Экстралингвистикалық себептер түпнұсқа авторы мен аударма адресатындағы мағына мен тәжірибенің айырмашылығын көрсетеді. Формалды аудармашылық өзгертулерге себепші болатын факторларға жалпы аудармашылық таңдауға әсер ететін факторлар қарсы тұрады, себебі соңғы жағдайда формалды факторлар басты емес, бұл– мағыналық және формалдық факторлардың өзара әрекеттесуі. Аударма процесінің негізгі ұстанымы және соған сәйкес аударманың түпнұсқаға адекваттылығының басты критерийлері ретінде З.Д. Львовская бастапқы тілдегі және аударма тіліндегі мәтіндердің коммуникативті-функционалдық тепе-теңдік ұстанымын қарастырады.
Аударманың семантикалық-семиотикалық үлгісі.
Бұл теория – Л.С.Бархударовтың аударманың семантикалық-семиотикалық үлгісін жасаған еңбектеріне сүйене отырып, бастапқы және аударма тілдерінің таңбалары мен құрылымының өзара байланысының жалпы типологиясын құрған Я.И.Рецкердің көзқарасының одан әрі дамуының көрінісі. Аталған үлгіге сәйкес мәтіннің жалпы мазмұнында оның жеке–денотативті, сигнификативті, ішкі лингвистикалық және прагматикалық бөліктері көрсетіледі. Ғалым алғаш рет бастапқы мәтіннен аударма мәтінге өту барысында түпнұсқаның мазмұны толық сақталмай, тек кейбір бөлімдері ғана сақталатындығын көрсетті. Одан әрі Л.С.Бархударов бастапқы тілдің жоғарыда аталған мазмұндық бөліктерінің кезекпен берілу ретін зерттеу мәселесі ретінде көтерді.
Аударманың функционалды-прагматикалық (динамикалық) үлгісі.
А.Д. Швейцерді [22] жалпы аударманы коммуникативтік тұрғыдан зерттеудің және функционалды-психологиялық аспектілер туралы зерттемелердің негізін салушы деп атауға болады. Аударманың инварианты ретінде мәтіннің функционалды доминантасы туралы ой А.Д.Швейцерге тиесілі, ол «динамикалық» деп атаған аударма тарихындағы алғашқы аударманың функционалды-прагматикалық үлгісін жасады. А.Д.Швейцер аударманың тілдік және тілден тыс детерминанттарының қандай да бір үйлесімі негізінде аудармашының шешім қабылдау үрдісін сипаттайды.
Ғалымның ойынша, аудармашының шешім қабылдау үрдісі екі негізгі кезеңнен құралады: 1) аударма стратегияларын жасау 2) осы стратегияның нақты тілде жүзеге асуы (бұған әртүрлі нақты тәсілдер – аударма технологиясын құрайтын «аудармашылық трансформациялар»).
А.Д. Швейцердің концепциясындағы аударманың лингвистикалық теориясының толықтай зерттелуімен байланысты (яғни аудармаға линвистикалық тұрғыдан қарау) өзіндік бір қондырғы болып табылатын аударманың бірінші кезеңі зор қызығушылық тудырып отыр. Осы күнге дейін аударма нысанынан тыс болып келген бұл кезеңнің бар болуы аудармашы қызметінің операциялық құрылымын тиянақты және мақсатты етеді. Мысалы, аударма стратегиясын жасауда сөзбе-сөз аудармаға жақындайтын немесе, керісінше, түпнұсқаның формалды құрылымынан алшақтап, еркін аудармаға жақындайтын кездер болуы, тақырыптық нақты аудармаға көп көңіл бөлінуі мүмкін.
А.Д. Швейцер бойынша, стратегияны құруға түпнұсқа аспектілеріне қатысты шешімдерді қабылдау, яғни аудармашының аударманың басымдылық шкаласын қабылдауы да жатады. Демек, аударма стратегиясының шешіміне тағы бір таңдау кіреді, мысалы, жергілікті колориттің экзотикалық бөлшектерін және дәуір колоритін асқан дәлдікпен беру немесе мәтіннің тарихи ерекшелігіне терең бойлау үшін одан бас тарту.
А.Д. Швейцердің аударманың семиотикалық концепциясында семиоздың үш өлшемі баламалылық деңгейінің семиотикалық типологиясын құрайды: аударма үдерісіне әсер ететін прагматикалық факторлар -жіберушінің коммуникативті интенциясы, қабылдаушыны нақтылау, қабылдаушыны коммуникативті нақтылау.
А.Д. Швейцер аударылымпаздықты абсолютті емес, қатыстық ұғым деп түсіндіреді. Аударма үдерісінде контекст пен қарым-қатынас жағдаяты құратын мағына инвариант болып қалады. Дәл осы тілдік контекст пен қарым-қатынас жағдаяты мағыналар арасындағы теңсіздікті бейтараптандыру немесе, басқаша айтқанда, бір мағынаны жеткізу үшін әртүрлі сөздерді қолдану мүмкіндігін береді. Тілдік қатынастардың ең күрделілерінің бірі бола отырып, аударма А.Д. Швейцер тұжырымдамасында аударма стратегиясын анықтайтын өзара байланысқан фильтрлерді құрайтын көптеген тілдік факторларға негізделген. Бұл факторларға екі тілдің жүйесі және нормасы, екі мәдениет, бірінші және екінші кезектегі екі коммуникативті жағдаят, пәндік жағдаят, бастапқы мәтіннің функционалды сипаттамасы, аударма нормасы жатады. Бұл жердегі орталық орын аударма детерминанттарынан келіп түсетін күштің шоғырланған нүктесі болып табылатын мәтінге беріледі. Сонымен қатар, ол алғашқы және екінші кезектегі коммуникативті жағдаяттарды анықтайды.
Аударманың герменевтикалық үлгісі.
А.Н. Крюковтың [23] герменевтикалық үлгісінде аударма түсіну заңына бағынады: аударма түсінуден басталып, сонымен аяқталады. Аударма мәтінді шет тілді қабылдаушыға бейімдей отырып, аудармашы түсінген нәрсесіне қайтадан түсінік жүргізеді. Екінші рет түсіну үдерісі – айтылымның нақты тілдік айналымдарын басқаратын, жаңа рөлдік және әлеуметтік психологиялық құрылымдарды ескере отырып, интенциядан объективті тілдік мағынаға қарай жүретін интенционалданған мағынаны алдын ала синтездеу. Аударманың герменевтикалық теориясы аударма үдерісінің мән-мағынасын мәтіннің екінші рет туылуымен түсіндірілетін интерпретациялық түсіндірмемен байланыстырады.
Аударманың трансформациялық үлгісі.
Американдық ғалым Н. Хомскийдің ядролық құрылым туралы зерттемесін пайдалана отырып, Ю. Найда аударманың трансформациялық үлгісін түпнұсқаның құрылымдық бөліктерін талдау (айтылымды түпнұсқа тілінде қабылдау және қорыту), кері трансформациялау (осы айтылымды бастапқы тілдің ядролық құрылымына айналдыру), тасымалдау (бастапқы ядролық құрылымға шет тілдік сәйкестікті іздестіру) және қайта құру (аударма тілінің ядролық құрылымын ашық айтылымға трансформациялау) деп түсіндіреді.
Әдебиет
1. Гак В.Г., Львин Ю.И. Курс перевода: Французский язык. — М., 1970.
2. Гак В.Г., Григорьев Б.Б. Теория и практика перевода. Французский язык. – М., 2001.
3. Ревзин И.Н., Розенцвейг В.Ю. Основы общего и машинного перевода. – М., 1964.
4. Nida E. Toward a science of translating. – Leiden, 1964.
5. Хомский Н. Язык и мышление. – М., 1972.
6. Жинкин Н.И. Механизмы речи. – М., 1958.
7. Ширяев А.Ф. Пособие по синхронному переводу. – М., 1982.
8. Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика: Очерки лингвистической теории перевода. – 2-е изд., стер. – М., 2007.
9. Миньяр-Белоручев Р. К. Общая теория перевода и устный перевод. – М., 1980.
10. Бархударов Л.С. Язык и перевод: Вопросы общей и частной теории перевода.. — М., 1975;- 2-е изд. – М., 2008.
11. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. — М., 1973; Комиссаров В.Н. Современное переводоведение. – М., 2002.
12. Стрелковский Г.М. Теория и практика военного перевода. – М., 1979.
13. Бар-Хилелле И. Будущее машинного перевода // Научные доклады высшей школы. – Филологические науки. – 1962. – №4. – С.203–206.
14. Мельчук И.А. Работы по машинному переводу в СССР // Вестник АН СССР, 1959. –№2. – С.43-47; Мельчук И.А. Опыт теории лингвистических моделей «Смысл-текст». – М., 1974.
15. Марчук Ю.Н. Методы моделирования перевода. – М., 1985.
16. Пиотровский Р.Г. Текст, машина, человек. – М., 1975.
17. Пиотровский Р.Г., Бектаев К.Б., Пиотровская А.А. Математическая лингвистика. – М., 1977.
18. Беляева А.Н. Применение ЭВМ в лингвистических исследованиях и лингводидактике. – Л., 1986.
19. Нелюбин Л.Л. Компьютерная лингвистика и машинный перевод/Гос. Ком. СССР по науке и технике. – М., 1991.
20. Жубанов А.К. Основные принципы формализации содержания казахского текста. – Алматы, 2002; Жұбанов А. Автоматты (машиналық) аударма // Компьютерлік лингвистикаға кіріспе. – Алматы, 2007.
21. Львовская З.Д. Теоретические проблемы перевода (На материале испанского языка). — М. : Высш. шк., 1985; Львовская, З. Д. Современные проблемы перевода. – М., 2008.
22. Швейцер А. Д. Перевод и лингвистика. – М., 1973; Швейцер А.Д. Теория перевода: Статус. Проблемы. Аспекты. -2-е изд. – М., 2009.
23. Крюков А.Н. Теория перевода. – М., 1989.
УМКД
Файл қосу
Аударма теориясы пән бағдарламасы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | |
| | | |
| | |ПОӘК 042-18-17.1.7 /02-2014|
|ПОӘК |Басылым № 1 | |
|Студентке арналған |11.09.2014ж. | |
|«Аударма теориясы» пән | | |
|бағдарламасы | | |
ПӘННІҢ ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Аударма теориясы» пәні бойынша
5В020700 «Аударма ісі» мамандығына арналған
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей
2014
Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы ___________ «____» _________ 2014ж. Г.С. Басимова «Аударма
теориясы мен практикасы» кафедрасының аға оқытушысы
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы мәжілісінде
Хаттама № 1 «02» 09. 2014ж.
Кафедра меңгерушісі __________ Ж.У. Калимова
2.2. Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің
оқу-әдістемелік бюросында
Хаттама № 1 «09» 09. 2014 ж.
Оқу-әдістемелік бюро төрағасы ___________ С.Қ. Тойкин
3 БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға
ұсынылды.
Хаттама № 1 «11» 09. 2014 ж.
ОӘК төрайымы ___________________ Г. К.Искакова
4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (немесе «____» ____ 20___ № __ басылым ОРНЫНА)
Мазмұны
1 Жалпы мәліметтер
2 Пән мазмұны және сабақ түрлеріне қарай сағаттарды бөлу
3 Пәнді үйренуге қажет әдістемелік нұсқаулар
4 Курс форматы
5 Курс саясаты
6 Бағалау саясаты
7 Әдебиет
1. Жалпы ережелер
1.1 Оқытушы және пән жөнінде жалпы мәліметтер
Басимова Гулназ Советханқызы, аға оқытушы
Кафедра: Аударма теориясы мен практикасы
Байланыс жолы: № 1 корпус, 903 аудитория
Сабақты өткізу орны - № 900 аудитория
Пәннің атауы: «Аударма теориясы»
Кредит саны: 4
1.2 Курстың қысқаша мінездемесі:
1.3 Курстың мақсаты: Болашақ аудармашы мамандарды аударманың
лингвистикалық теориясының негізгі қағидаларымен таныстыру
1. 4 Курстың міндеттері:
- Аударма бөлімі студенттерінің болашақ кәсіби қызметтенің теориялық
базасын құру ;
- «Тіл біліміне кіріспе» және «Тіл теориясы негіздері» атты курстарда
берілген теориялық қағидаларды қорытып жүйелеу,студенттердің негізгі
мамандықтары бойынша өздік ғылым- зерттеу жұмыстарына алғы шарттар жасау;
- Аударма процесі үшін тіл, ойлау және қоғам арасындағы өзара байланыстың
маңызды жақтарын аша отырып, «Аударма теориясы» курсы студенттердің ой-
өрісін кеңейтіп, аудармашылық дағдыларды қалыптастырып; жалпы теориялық
құрылым мен іс жүзіндегі аудармашылық тәжірибе арасындағы белгілі
алшақтықты болдырмауға септігін тигізу.
- Аударманың практикалық дағдыларын игеру және дамыту;
- Аударма процесінің заңдылықтарымен таныстыру;
- Аударма барысындағы тіл бірліктерінің қайта құрылу тәсілдері және
құралдары жөнінде жүйелі ұғым қалыптастыру;
- Аударма процесінде пайда болатын лексикалық, грамматикалық және
стилистикалық қиыншылықтарды жеңіп шығу тәсілдерін меңгеру.
1.5 Курс нәтижелері:
Курсты аяқтағаннан кейін студент мыналарды
білуі тиіс:
- аударма туралы ғылымның қазіргі жағдайын ;
- аудармашылық іс- әрекеттің негізгі концепцияларын ;
ие болуы тиіс:
- аударманың негізгі лексикалық, фразеологиялық грамматикалық және
стилистикалық мәселелерін білуі;
меңгеруі тиіс:
- теориялық білімді игеріп ,оны кейіннен негізгі мамандық бойынша өздік
кәсіби және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде пайдалану
үшін аударматанудың теориялық базасын меғгеруі керек
істей алуы тиіс:
- аударма ғылымындағы ғылыми идеяларды ,концепциялармен теориялық
тұжырымдарды сыни көзқараспен талдау;
- нақты мәліметтерді саралай отырып ;жинақтап ,қорыта білу
-лингвистикалық, энциклопедиялық, лексикографиялық және арнайы әдәбиетпен
жұмыс істей білу;
-теориялық білімді практика жүзінде қолдана білу.
түсінуі тиіс:
- - Аударма процесінің заңдылықтарын;
- Аударма барысындағы тіл бірліктерінің қайта құрылу тәсілдері және
құралдары жөнінде жүйелі ұғымдарды;
болуы тиіс:
қалыптасқан аудармашылық дағдылар
алуы тиіс:
Аударма процесінде пайда болатын лексикалық, грамматикалық және
стилистикалық қиыншылықтарды жеңіп шығу тәсілдерін меңгеру.
1.6 Пәннің пререквизиті: «Аудармашылық мамандыққа кіріспе», «Тіл біліміне
кіріспе», «Тіл теориясының негіздері», «Аудармашының кәсіби әрекетінің
негіздері» ,«Тілдік қарым- қатынас мәдениеті бойынша практиукум»,
1.7 Пәннің постреквизиті: «Мәдениаралық коммуникацияның теориясы және
практикасы», « Шет ел тілінің функционалды стилистикасы», «Ақпараттық
аударма практикасы», «Ауызша аударма практикасы»
2. Пән мазмұны және сабақ түрлеріне қарай сағаттарды бөлу
Кесте 1
|№ |Тақырып |Сағаттар |Әдебиет |
| | |Дәріс |Семинар |ОOӨЖ |OӨЖ | |
|1 |2 |3 |4 |5 |6 | |
|1. |Аудармаышылық қызметтің |1 |1 |1 |3 |Негізгі |
| |адамзат тарихындағы орны. | | | | |әдебиет: |
| | | | | | |1,5,6 |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: |
| | | | | | |2,3,4 |
|2. |Аударма теориясының |1 |1 |1 |3 |Негізгі |
| |қалыптасуы мен дамуы | | | | |әдебиет: |
| | | | | | |1,2,5 |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 1,2|
|3. |Аудармаі теориясының негізгі|1 |1 |1 |3 |Негізгі |
| |ұғымдары | | | | |әдебиет: |
| | | | | | |1,7. |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 1 |
|4. |Тілдік дәнекрліктің басқа |1 |1 |1 |3 |Негізгі |
| |түрлері: қысқартылған | | | | |әдебиет:1. |
| |аударма,өңделген аударма, | | | | |Қосымша |
| |аннотация, реферат, резюме | | | | |әдебиет: 1 |
|5. |Аудармаышылық іс-әректтің |1 |1 |1 |3 |Негізгі |
| |типологиясы | | | | |әдебиет:1,3,|
| | | | | | |6 |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 2,8|
|6 |Аударма процесінің |1 |1 |1 |3 |Негізгі |
| |аударылатын мәтіннің түріне | | | | |әдебиет:1 |
| |тәуелділігі | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: |
| | | | | | |1,10 |
|7 |Аударманың |1 |1 |1 |3 |Негізгі |
| |психо-лингвистикалық | | | | |әдебиет:1 |
| |классификациясы | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 3,4|
|8 |Ауызша аударманың түрлері |1 |1 |1 |3 |Негізгі |
| |мен типтері | | | | |әдебиет:1 |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 5 |
|9 |Аударманың эквиваленттілігі |1 |1 |1 |5 |Негізгі |
| | | | | | |әдебиет:1 |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 1 |
|10 |Эквиваленттілктің деңгейлері|1 |1 |1 |3 |Негізгі |
| |мен түрлеріі. | | | | |әдебиет: 5 |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 1 |
|11 |Аударма прагматикасы |1 |1 |1 |3 |Негізгі |
| | | | | | |әдебиет:1. |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 1 |
|12 |Аударманы прагматикалық |1 |1 |1 |4 |Негізгі |
| |тұрғыдан өңдеудің | | | | |әдебиет:1. |
| |принциптері мен тәсілдері | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 1 |
|13 |Аударма моделдері |1 |1 |1 |4 |Негізгі |
| | | | | | |әдебиет:1. |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 1 |
|14 |Аударма процесі |1 |1 |1 |4 |Негізгі |
| | | | | | |әдебиет:1. |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 1 |
|15 |Аудармалық трансформация |1 |1 | |4 |Негізгі |
| |және түрлері | | |1 | |әдебиет:1. |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 1 |
|16 |Аудармалық сәйкестіліктер |2 |2 |2 |4 |Негізгі |
| | | | | | |әдебиет:1 |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: |
| | | | | | |1,10 |
|17. |Тілдік бірліктердің |2 |2 |2 |4 |Негізгі |
| |лексикалық мағынасың | | | | |әдебиет:1 |
| |компоненттері мен олардың | | | | |Қосымша |
| |аудармада берілуі.. | | | | |әдебиет: 3,4|
|18 |Лексиканың кейбір топтарын |1 |1 |1 |4 |Негізгі |
| |аудару ерекшелігі | | | | |әдебиет:1 |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 5 |
|19 |Фразеологияны аудару |1 |1 |1 |4 |Негізгі |
| |мәселелері | | | | |әдебиет:1. |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 1 |
|20 |Аудармада грамматикалық |1 |1 |1 |4 |Негізгі |
| |сәйкестікті таңдау | | | | |әдебиет: 5 |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 1 |
|21 |Аудармашының тілдік тұлғасы |2 |2 |2 |4 |Негізгі |
| | | | | | |әдебиет:1 |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: |
| | | | | | |1,10 |
|22 |Аудармашы біліктілігі |2 |2 |2 |5 |Негізгі |
| | | | | | |әдебиет:1 |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 3,4|
|23 |Шетелдік аударматану |2 |2 |2 |5 |Негізгі |
| | | | | | |әдебиет:1 |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 5 |
|24 |Отандық аударматану |2 |2 |2 |5 |Негізгі |
| | | | | | |әдебиет:1 |
| | | | | | |Қосымша |
| | | | | | |әдебиет: 1 |
| |Барлығы |30 |30 |30 |90 | |
3. Пәнді үйренуге қажет әдістемелік нұсқаулар
« Аударма теориясы» пәні студенттерге аударма процессінің заңдылықтарын
меңгеруге көмектеседі. Пәнді толық меңгеру үшін дәріс , семинар сабақтарына
қатысып, көрсетілген әдебиеттерді мұқият оқу керек. Дәріс, семинар
сабақтарынан басқа ОСӨЖ, СӨЖ сабақтары болады. СӨЖ сабақтары тезис,реферат,
конспект түрінде өтеді.
4 Курс форматы
Тезис ғылыми жұмыстардың негізінде жазылады, айтатын ой өте қысқа нақты
дәлелді түрде жазылады және бет көлемі 0,06 б.т. яғни 1 бет болуы керек.
Конспект –оқулықта жазылғандарды қысқаша өзіңе түсінікті етіп жазу.
Рефератта ғылыми баяндамада кіріспе бөлімнен, негізгі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде жұмыстың өзектіліг нысаны зерттеудегі мақмат пен міндеті
теориялық және практикалық мәні, қолданылған әдіс –тәсілдер мен тұжырымдар
беріледі. Тарауларда негізгі ой түйінделеді. Қорытындыда ешкімнің пікірі
берілмейді, тарауларда түйінделген ой мен тұжырымдар беріледі.
Әдебиеттер тізімі қолданылуы бойынша нөмрленіп көрсетіледі.
Бет көлемі –компьютерде А4 қағазында 14 кегель, 1,5 интервал мен кем
дегенде 15 беп қол жазбамен 20 бет.
Жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау
керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу
мақсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент семинар сабақта қаралып
отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандарының ішінен қажетті
нысанды таңдап алуға ;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана
семинар сабақ өз мақсатына жетеді.
5 Курс саясаты
1. Дәріс және семинар сабақтарына міндетті түрде қатысу. Егер де бір
себептермен сабаққа қатыса алмасаңыз онда меңгерілмеген материалдарды жауап
бересіз. Қатарынан үш рет себепсіз сабақ босатсаңыз межелік аттестациядан
10пайыз алынып тас талынады.
2. бақылау тапсырмалары белгіленген уақвтта орындалып тапсырылуы тиіс.
Уақытнан кешігіп тапсырылған жұмыстар бірден төмен бағаланады.
6 Бағалау саясаты
«АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
|Апта |Бақылау түрі |Жалпы балл |Ескерту |
| | |саны | |
| 1| 2 | 3 | 4 |
| |1 және 7 апталар бойынша барлық | 30 | |
| |сабақтар түріне қатысу | | |
|3 апта |Практикалық сабақтар тақырыбы | 30 |практикалық |
| |бойынша ағымдағы бақылау | |сабақта |
|5 апта |Практикалық сабақтар тақырыбы | 30 |практикалық |
| |бойынша ағымдағы бақылау | |сабақта |
| 6 |Практикалық сабақтар тақырыбы | 40 |практикалық |
|апта |бойынша ағымдағы бақылау | |сабақта |
| 6 |ОӨЖ бойынша практикалық тапсырмалар | 80 | |
|апта |орындау | | |
| 7 |ші межелік бақылау | 90 | |
|апта | | | |
|1 және 7 апталар нәтижесі бойынша жалпы балл саны 300 |
| |8 және 15 апталар бойынша барлық | 30 |практикалық |
| |сабақтар түріне қатысу | |сабақта |
|9 апта |Практикалық сабақтар тақырыбы | 30 |практикалық |
| |бойынша ағымдағы бақылау | |сабақта |
|11 апта |Практикалық сабақтар тақырыбы | 30 |практикалық |
| |бойынша ағымдағы бақылау | |сабақта |
|13 апта |Практикалық сабақтар тақырыбы | 40 |практикалық |
| |бойынша ағымдағы бақылау | |сабақта |
|14 апта |ОӨЖ бойынша практикалық тапсырмалар | 80 | |
| |орындау | | |
|15 апта | 2-ші межелік бақылау | 90 | |
|8 және 15 апталар нәтижесі бойынша жалпы балл саны - 300 |
|Емтихан бойынша жалпы балл - 400 |
|Академиялық кезең бойынша жалпы балл -1000 |
7 Әдебиет
7.1. Негізгі әдебиет
1.Комиссаров В.Н. «Теория перевода» М. Высшая школа 2005
2. Бархударов Л.С. «Язык и перевод» «ЛКИ», 2007 г. Рейтинг
3..Бреус Е.В. Основы теории и практики с русского на английский. – М.,
2009
4. Тихонов А.А Теория и практика перевода – М., 2007
5. Комиссаров . Общая теория перевода .-М.,2005
6.Рецкер Я.И. ''Теория перевода и переводческая практика'' Р. Валент», 2007
г. Рейтинг
7.Қ.Қ. Алпысбаев., Г.Қ. Қазыбек «Қазақ аудармасвның теориясы мен
тәжірибесі» Алматы, 2005
8. Виноградов В.С. «Введение в переводоведение» М, 2005
9.Комиссаров В.Н. «Общая теория перевода. Проблемы переводоведения в
освещении зарубежных ученных»М, 2005
10.Л.Ф. Дмитриева, С.Е. Кунсевич «Английский язык курс перевода» Москва,
2005
11.В.Н. Комиссаров, А.В. Коралова «Практикум по переводу с английского
языка на русский» Москва, 2007
12.Казакова Т.А. Практические основы перевода. – Санк – Петербург, 2004
13.Казакова Т.А. Практикум по художественному . – Санк – Петербург, 2004
7.2 Қосымша әдебиет
1.А. Чужакин, П. Палажченко «Мир перевода 1» М, 2004
2.А. Чужакин «Мир перевода -7 Общая теория перевода и переводческой
скорописи» М.,2004
3.Крупнов, В.Н. Практикум по переводу с английского языка на русский.- М.,
2009.
4.Алексеева И.С. Профессиональный тренинг переводчика. – Санк – Петербург,
2004
5.А.Я. Коваленко «Общий курс научно –технического перевода» Киев, 2004
6.А.В. Балкина «Хочу стать переводчиком» М,2005
7.С.М. Айзенкоп «Учебное пособие по техническому переводу» Ростов –на
Дону,2005
8.Латышев Л.К. Проворотов В.И. Структура и содержание подготовки
переводчиков в языковом вузе.-Курск, 2001
9.ПоповичА. Проблемы художественного перевода- М., 2005.
10.Семенов, А.Л. Основы общей теории перевода и переводческой деятельности.-
М., 2008.
11.Семенова, М.Ю. Основы перевода текста.- Ростов –на Дону, 2009.
12.Семенов, А.Л. Современные информационные технологии и перевод.- М., 2008
13.Грамматические аспекты перевода.- М., 2010
14.Теория и практика перевода / Тихонов А.А. – М., 2004
15.Кабакчи В.В. Практика английского языка: Сб. упражнений по переводу.–
СПб., СОЮЗ, 2007
16.Meshkov O. Learn to Translating. – M., 2005
17.Пумпянская А.Л. Упражнения по переводу английской технической
литературы. –2007
18.В. Сарсекенова, Пособие по практическому переводу с английского языка на
русский. Астана, 2008
19.Д. Рақымбекова, Р. Абисалықова Аударма теориясы мен тәжірибесі. Астана
,2012
20.Кеңес Юсуп, Ресми мәтіндер аудармасы. Астана, 2011
21.К. М. Абишева, Основы теории и практики перевода.Астана,2008
22 М.Ю. Семенова, Основы перевода текста. Ростов-на Дону,2009
